«ЖАҢА БЕЙНЕ»
Қалалық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен кітапхананың coworking орталығында «Бақытты отбасының құпиясы» атты Серікбаевтар отбасымен кездесу өтті. Әзілхан Серікбаев – М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық Академиялық қазақ драма театрының актёры, С Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің жанынан құрылған "Жалын" жастар театрының жетекшісі. Фатима Серікбаева – дәстүрлі әнші. Қ.Сағырбаев атындағы балалар саз мектебінің ұстазы.