Құрманғазы Сағырбайұлы (1818 ж. ш.)- күйші, сазгер, асқан дүлдүл домбырашы, қазақтың аспаптық музыкасының классигі. Құрманғазы қаршадайынан домбырашылығымен көзге түседі.

 

Оның күйшілік өнердегі алғашқы ұстазы - Ұзақ. Кейін Бөкей Ордасының атақты күйшілері Байжұма, Баламайсаң ,Байбақты, Соқыр Есжан, Шеркештің күйлерін үйреніп, шеберлігін шыңдай түседі.

 

Алғашқы күйлерінің бірі «Кішкентай» 19-ғасырдың 30-жылдары Қазақстанның батысындағы азаттық көтерілісінің басшысы Исатай Таймановқа арналған. Ал «Ақбай», «Ақсақ киік», «.Түрмеден қашқан», «Адай» т.б. күйлерінде азат өмірді аңсаған халықтың асыл арманы, яғни өмір тартысы баяндалады «Аман бол, шешем, аман бол», Қайран шешем, Бұқтым-бұқтым сияқты күйлері адамның сөйлеу тіліне мейлінше жақын келеді. Талай қуғын-сүргінді басынан өткерген Құрманғазы 1880 жылдары Астрахан маңындағы Сахмаға біржола қоныстанып, өзінің төңірегіңе Дина, Е.Есжанов,, Мәмен сияқты шәкірттерін жинады. «Айда бұлбұл», «Айжан-ай»,Бас Ақжелең, Кісен ашқан, Серпер» өзіндік ерекшеліктері бар бір-біріне ұқсамайтын туындылар. Сазгерлер М.Гнесин мен А.Жұбанов «Адай», «Түрмеден қашқан» күйлерін «Амангелді» фильміне, А.Зильбер «Балбырауынды», А.Жұбанов пен Ғ.Жұбанова Құрманғазы операсында көптеген шығармаларын пайдаланды. Құрманғазы шығармашылығы негізінен күрескерлік рухта болса да, оның көптеген күйлерінде халық өмірі, көңіл-күйі, табиғат көріністері суреттелді.

 

Күйшінің есімімен аталатын Қазақтың халық аспаптар оркестрінің орындауында оның күйлері бүкіл әлемге тарады. Алматы консерваториясы, көптеген музыкалық мектептер, орталық көшелер, елді мекендер Құрманғазы есімімен аталады.

 

     Әдебиеттер тізімі:

Құрманғазы. Жинақ / Құраст. М. Ізімұлы.- Алматы: “Арыс” баспасы, 2004.- 320 бет

Құрманғазы Сағырбайұлы // Атырау: Энциклопедия / Бас ред.З.Қабдолов.- Алматы: Атамұра, 2000.- 276-278 бет.;

Құрманғазы [Мәтін]: Күйлер / Құраст.:Қ.Ахмедияров; Ред. Е.Ералы, М.Тәйменкеев.- Алматы: Өнер, 2005.- 189(2)бет.- (Ғасырлар үні)

 

 *             *             *                                            *                 *                 *

Аймұханова К. Құрманғазының шүріппелі мылтығы: ұлттық құндылық // Атырау.- 2019.- 4 маусым.- 7 бет

Сәлімгерейқызы А. Ақжайық күй күмбіріне бөленді: Фестиваль күнделігінен// Мерейлі мекен.- 2018.- №19.-6-9 с.

Шамғонов А. Құрманғазы Сағырбайұлы: туған және қайтыс болған жылдары туралы // Қазақ таризы.- 2018.- №3.-17-18 б.

Турганова А. Кюи Курмангазы – уникальный календарь// Прикасп. коммуна.- 2018.- 28 декабря

Шамгонов А. Когда родился великий композитор// Прикасп. коммуна.-2018.-10 апр.