Ғафиз Есімов

 

Ғафиз Қадырұлы Есімов - 1947 жылы Атырау облысы Махамбет ауданы Соройченко ауылында дүниеге келген. Опера әншісі (лирикалық баритон). Қазақстанның халық әртісі.


1975жылы Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1973 жылдан Қазақ академикалық опера және балет театрының әншісі.

 

Негізгі партиялары: Абай (А.Жұбанов пен Л.Хамидидің "Абайында"), Думан (Е.Г. Брусиловскийдің "Дударайында"), Алпамыс (Е.Рахмадиевтің "Алпамысында"), Құрманғазы (Жұбанов пен Ғ.Жұбанованың "Құрманғазысында"), Онегин (П.И. Чайковскийдің "Евгений Онегинінде"), Жермон (Дж. Вердидің "Травиатасында"), Дон Жуан (В.Моцарттың "Дән Жуанында"), т.б.

 

Есімов концерттіқ-шығармашылық қызметімен де қазақтың халық әндерін, халық композиторларының әндерін және қазіргі қазақ композиторларының ән-романстарын насихаттауға үлес қосты. Гастрольдік сапармен МХР-да, Германияда, Румынияда, Филиппинде, Шри-Ланкада т. б. елдерде болды.

 

К.Байсейітова атындағы республикалық әншілер байқауы (1975, Алматы) мен М.И. Глинқа атындағы бүкілодақтық әншілер байқауының (1977, Ташкент) лауреаты.

 

Дереккөздер:
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8

Атырау: Энциклопедия.-Алматы: Атамұра, 2000.-209 б.

 

*           *            *                            *              *             *

 

Есімов Ғ. «Атырауымды аңсап келемін...»/ Сұхб.:А.Қатешова // Атырау.- 2017.- 12 мамыр

Есiмов Ғ. "Жас таланттардың бағын ашқан тұлға": [Белгiлi қоғам қайраткерi Ж.Еркiмбекұлының 80 жылдығына орай]  // Қазақ әдебиетi.- 2010. - 21-27 мамыр (№ 20). - 6 б.

Есiмов Ғ. "Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман"...: [Абайдың өлеңiне талдау // Ақиқат.- 1994.- N 11.- 60 б.

Есiмов Ғ. "Өлең сөздiң патшасы, сөз сарасы: [Сөз философиясы] // Ақиқат.- 1995.- N 5.- 69-70б

 

*  *  *                                  *  *  * 

 

Аймұханова Б.Атыраудаң ұшқан ақиық // Мәдениет.-№6.- 29-30 б.

Айнұр Ж.  Әлем таныған әнші Ғафиз Есімовтың алпыс жасы аталып өтті  //Егемен Қазақстан.- 2007.-12 мамыр.                                             

       

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%95%D1%81%D0%B8%D0%BC%D0%BE%D0%B2,_%D0%93%D0%B0%D1%84%D0%B8%D0%B7_%D0%9A%D1%8B%D0%B4%D1%8B%D1%80%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87

http://www.conservatoire.kz/ru/structure/faculties/yessimov-hafiz/

https://alashainasy.kz/omir/gafiz-kadyirulyi-esmov--50781/

https://qazaqstan.tv/news/86188/