Жақанов Ілия

 

Жақанов Ілия -1936 жылы 6 мамырда Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, қазіргі Ақтоғай ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1959).


1959–1963 жж. «Қазақстан пионері» («Ұлан») газетінің әдебиет және өнер бөлімінің меңгерушісі, 1963–1984 жж. Қазақ КСР Телевизия және радиохабарын тарату жөніндегі мемлекеттік комитетінің редакторы, аға редакторы, Қазақ радиосы музыка редакциясының бас редакторы қызметін атқарған. 1984 жылдан шығармашылық жұмыста.


«Қайта оралған ән» (1968), «Қош бол, вальс» (1969) повестері шықты. Қазақтың ұлы қобызшысы Ықылас жайлы «Кертолғау» (1989) романы алғаш қырғыз тілінде, кейін қазақ тілінде «Ықылас» (1990) деген атпен жарық көрді. «Екі жирен» (1976), «Бірінші концерт» (1979), «Махаббат вальсі» (1983), «Аққулар қонған айдын көл» (1988) атты деректі әңгімелер, эсселер және новеллалар жинағы, сондайақ «Қарабура» (1977) тарихитанымдық шығармасы, «Сынған қылыш» (1981) атты қырғыз тілінен аударылған (Қасымбеков шығармасы) тарихи романдары шықты. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші», «Жаяу Мұса», «Мәди», «Майра», «Балуан Шолақ», т.б да салсерілер, Қазақстан композиторлары М.Төлебаев, Л.Хамиди, С.Мұхамеджанов, Қ.Мусин, Б.Байқадамовтардың шығармашылық портреттерін сомдаған шығармалары, «Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», «Сәкен және музыка» атты телесериалдары бар.


«Қазақ КСРнің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» (1990); «Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» (1994); Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті академигі (1997), Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998), Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтың иегері (1997). «Сырлы жүрек пернесі» атты лирикалық эссе кітабы 2008 жылы «Ұшпақ» баспасынан жарық көрді.


2012 жылы Алматыдан арнайы келген Қазақстан Көркем академиясының вице-президенті Ермұхан Жүнісханұлы өз сөзінде Ілия Жақановтың төл туындыларын кәсіби суретші деңгейінде бағалаған Көркем академияның басшылығы мен мүшелерінің бірауыздан қолдауымен жазушы, музыка зерттеушісі, композитор болып көпке танылған І.Жақановқа ҚР Көркем академиясының Академигі деген атақ берілгенін жеткізді. Айта кетейік, композитор 2000 жылдан бері Атырау қаласында тұрады.

 

 

       Шығармалары:

           Жақанов И. Аққулар қонған айдың көл: деректі әңгімелер, әңгімелер.- Алматы:

            Жазушы, 1988.- 208 бет

           Жақанов И.Бұлбұл әуезі.- Алматы: Дейт- Принтхаус, 2006.- 298 бет

           Жақанов И.Бірінші концерт.- Алматы: Жалын, 1979.- 200 бет

           Жақанов И.Еділ -Жайық.- Алматы: Өлке, 2002.- 32 бет

           Жақанов И.Махаббат вальсі: Повестер, новеллар.- Алматы: Жазушы, 1983.- 268 бет

           Жақанов И.Ықылас: Роман.- Алматы: Өнер, 1990.- 255 бет

           Жақанов И.Вальс любви: Рассказы о музыке. Пер. с казахск..- Алма-Ата: Онер, 1987.- 164 бет

 

 *                                 *                               *

 

Жақанов Ілия // Қазақстан Ұлттық энциклопедия: Т.3/ Бас. Ред. Ә.Нысанбаев.- Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001.- 477 бет

Әбдірайым Т. Ағыл – тегіл. Деректі әңгімелер, эсселер.- Алматы: “Арда +7”, 2014.- 224 бет.

Жүсіп Қ. Даланың дархан дауысы( Композитор, өнер зерттеушісі, ғалым, жазушы Илья Жақановтың шығармашығына арналған монография) .- Атырау: Ағатай, 2016.- 273 б.

 

 

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%86%D0%BB%D0%B8%D1%8F_%D0%96%D0%B0%D2%9B%D0%B0%D0%BD%D0%BE%D0%B2

https://adebiportal.kz/kz/authors/view/1644

https://e-history.kz/kz/history-of-kazakhstan/show/9049/

https://www.inform.kz/kz/iliya-zhakanov-80-zhasta_a2900597

https://egemen.kz/article/215119-iliya-zhaqanov-estrada-%E2%80%93-batystynh-muzykalyq-ekspansiyasy