Осы 30 жылдыққа алғашқы нық қадам 1991 жылдың 16 желтоқсанында жүзеге асырылды. Бұл біздің еліміздің даңқын арттыра түсті. Тәуелсіздік - бабаларымыздың ақ білегінің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген ұлы жеңіс. Бізге болашақ жастарға міндеттелген бабалардың баға жетпес аманаты. Отыз жыл ішінде еліміз өз шекарасын бекітіп, рәміздерін асқақтатып, алпауыт елдермен қарым-қатынасын нақтылап,   терезесі тең,  керегесі кең ел болды. Егемен еліміздің 30 жыл толу қарсаңына Береке ауылдық кітапханасы «Тәуелсіздік ежелгі арман, қол жеткен мұрат» атты кітап көрмесін жасақтады. Көрмеге 1986 жылғы  желтоқсан оқиғасынан бастап тәуелсіз ел болғаннан кейінгі  ел тарихы туралы кітаптар қойылды.