Биыл тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерекесі. Тәуелсіздік күні әр жылдың 16 желтоқсанында аталып өтіледі. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болып табылады. №6 қалалық балалар кітапханасы Ә.Жангелдин орта мектебінің 6 «в» сынып оқушыларымен «Балалар әлеміндегі Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбымен бейнелеу өнері бойынша өткізді. Шараға оқушылар атсалысып өздерінің бар өнерлерін көрсете білді. Тәуелсіз еліміздің нышандарын қағаз бетіне әдемілеп түсірді.