«Бір ел-бір кітап» акциясы аясында 2021 жылы ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оқырман назарына оқуға бірден 30 кітап ұсынылған болатын. Сол әдебиеттердің ішінде ғұлама ағартушы, ақын, жазушы, этногроф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің де шығармашылығы бар.

Ұлы жазушы М.Әуезов қазақта үш мұнара бар. Олар Абай, Шоқан, Ыбырай деп атап өткен болатын.

Қазақтан шыққан алғашқы педагог Ы.Алтынсариннің туғанына биыл 180 жыл. Осы мерейлі датаға орай Атырау қалалық кітапханасы аталған мекемеде «Даланың дара ұстазы» атты әдеби марафон ұйымдастырды. Шара барысында Ы.Алтынсариннің өмірі, ағартушылық қызметі, ұстаздық жолы жөнінде түсінік беріліп, арнайы жасақталған кітап көрмесі және виртуалды көрме тұрғындар назарына ұсынылды. Қатысушы қариялар ұлы педагогтің өлеңдерін жатқа оқып викторина сұрақтарына жауап берді. Қазақ жастарын оқуға , ізгілікке, еңбекқор болуға, өз халқын сүюге шақырған ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің келер ұрпаққа қалдырып кеткен ұлы мұрасын насихаттау және ұлығылау кештің басты мақсаты болып табылды.

#Ы.Алтынсарин180жыл

#Бірелбіркітап

#Тәуелсіздікке30жыл

#ОҚБ