Қазан айы – қайырымдылық айы. Қарттарға құрмет көрсететін ай. Дамбы ауылдық кітапханасы "Қарияның орны төр болсын" атты кездесу ұйымдастырды. Кітапхананың тұрақты оқырмандары  Өтеген атамыз бен  Сая әжеміздің шаңырағына барып төл мерекелерімен құттықтап, М.Өтемісұлының "Заман ақыры", "Жиырма бір ғасыр жыры " атты кітаптары сыйға берілді. Қарияларымыз ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.