Біздің даламыздың мыңжылдықтарды қамтитын тарихы бары сөзсіз. Соның ішінде Сарайшық талай туды төбесіне қадап, тағдыр мен тарихты ішке бүккен шежірелі қала. Сөз жоқ, әрбір оқырманға санамызда сақтаулы, тарихта ізі бар қала атауын естігенде алдымен Сарайшық қаласы қашан, қалай салынды, тұрғын халқы мен олардың кәсібі және қаланың дүниеден жойылып кетуінің басты себептері қандай деген түрлі сауалдар оралары сөзсіз. Сарайшық қаласы туралы нақты деректерге сүйене отырып, көптеген еңбектер жазылды. Ендеше, кітапхана қорындағы зерттеу еңбектерді оқуға асығыңыздар. Өлкеміздің тарихын терең біліп, тарих тағылымынан сабақ алып, саналы болуға ұмтылыңыздар.