Серке (Серәлі) Қожамқұлов 1896 жылғы мамыр айының 5-і күні Қостанай облысы, Қарабалық ауданына қарасты он үшінші ауылда дүниеге келген. Ол Тройцк қаласындағы медреседе білім алған. Азамат соғысы кезінде Серке Қожамқұлов Әліби Жангелдиннің партизандық отрядында болады. Кейін білімін Орынбор қаласында жалғастырады. Оқу орнында, әскерде белсенділік танытып, әуесқой қойылымдарға қатысқан. 1923 жылы оқуын бітіріп, Қостанай қаласында сот тергеушісі болып жұмысқа орналасады. Ол жақта әртістік қабілетімен танылып, 1925 жылы тұңғыш Қазақ театрына режиссерлік қызметке жіберілген. Ол Мұхтар Әуезов атындағы академиялық драма театрдың іргесін қалаушылардың бірі болды. Театрда режиссер болып, сахнада Мырқымбай, Қоңқай, Көбікті, Қарабай, Еспембет сияқты образдарды сомдады. Серке Қожамқұлов қазақ кинематографиясының дамуына сүбелі үлес қосты. “Амангелді”, “Ақ раушан”, Шәкен Аймановтың “Алдар көсе”, “Біздің сүйікті дәрігер” музыкалық комедиясында басты рөлдерде ойнады. №2 қалалық кітапханасы «Өнер – білектің емес, жүректің ісі» атты ұлы актердің туғанына 125 жыл толуына орай еске алу  мақсатында ақпарат сағатын ұсынады.