N11 қалалық кітапханасы Тәуелсіздігінің 30  жылдығына 30 кітап ,,Бір ел - бір кітап"  акциясы аясында  Қазақстан Республикасы Әнұран авторларының бірі, Қазақстанның халық жазушысы, ақын Жұмекен Нәжімеденовке арналған ,,Жүрегі жыр - Жұмекен"  атты бейне поэзия ұсынады.
Шара барысында ақын Жұмекен Нәжімеденовтің ,,Менің Қазақстаным" атты кітабын насихаттай отырып, өмір жолдары әңгімеленді. Бұл шарада Жұмыскер ауылында орналасқан Исатай Тайманов атындағы орта мектебінің оқушылары:Кенжебек Нұрай ,,Домбыра", Бейсенбай Азиза,,Шағыл", Сапарғали Аружан ,,Қошалақ", Баймұрат Айсара ,,Жалпақшағыл шөлі" өлеңдерін оқыды.