№4 қалалық балалар кітапханасы жазғы демалыс аясында жас оқырмандардың демалысын көңілді өткізу мақсатында және де жас оқырмандардың үйлесімді жан – жақты дамуына жағдай жасау олардың бойындағы шығармашылық, танымдық қасиеттерді ояту мақсатында «Ертегілер елінде» тақырыбында арт-терапия шарасы ұйымдастырылды.

Жалпы, шараның басты міндеті – сурет салуға емес, сурет салу арқылы сыртқа шығара алмайтын эмоцияларын шығару, шығармашылық энергия алмасу болып табылады.Көркемдік шығармашылық әрекет баланы көңілсіз жағдайдан шығарып, жүйкеге түскен салмақты түсіріп, эмоционалды көңіл – күй туғызады. Балалар өздерінің сүйікті кейіпкерлерінің бейнесін салып, ерекше белсенділікпен қатысып, жауапкершілікпен суреттерін жоғары деңгейде орындап, керемет көңіл – күймен алған әсерлерімен бөлісті.