Орталық балалар кітапханасы жазғы лагерге қатысып жүрген оқырмандар арасында 20 шілде- Халықаралық шахмат күніне орай «Шахмат – ақыл-ой спорт түрі» көрме-ойын өткізді.

Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Шахмат ойынын тақта үстіндегі соғыс деуге болады. Ойын тұңғыш рет 5 ғасырда Үндістанда шыққан. Ежелден қалған аңыздар бойынша, шахматты ең алғаш болып біздің эрамызға дейін 1000 жыл бұрын Үндістандық математик ойлап тауыпты. Шахмат ойынының арнаулы тақтасы бар. Ол өзара ақ және қараға түске боялған бірдей 64 тең шаршыға бөлінген. 64 шаршының қақ жартысы, яғни 32-сі ақ түске, 32-сі қара түске боялған. Тақтада фигуралар 3 түрлі жолмен жүре алады. Олар: Вертикаль жолдар, горизонталь жолдар және диогональ жолдар. Ойынның басты мақсаты қарсыласының тастарын шақ келтірмей, патшаға мат қою. Қандай пайдасы бар деп ойлайсыңдар осы ойнын. Шахмат адамды жылдам ойлауға, шешім қабылдауға және қадам жасауға итермелейді. Кітап көрмесіне насихатталған кітаптар:

1. Мақажанов Ж. Жүз шаршылы дойбы. –Алматы:Қазақстан,1987.-136 б.

2. Дауылбаев Н.,Мақажанов Ж. Шахмат ойыны.-Алматы:Қазақстан,1984.-128 б.

3. Әлемдік және ұлттық спорт ойындары.- Алматы:Мереке,2014.-272 б.

4. Спорт әлемі. (Балаларға арналған спорт анықтамалығы).-Алматы:Сөздік-Словарь,2010.-472 б. және т.б.