Жазушы Ғ.Слановтың туындылары баспасөзде 30-жылдары жариялана бастады. Ауылдағы әлеуметтік өзгерістерге арналған "Дөң асқан", Атырау мұнайшыларының екінші дүниежүзілік соғысы жылдарындағы қажырлы еңбегін суреттейтін "Жанартау" романдары басылды. Соғыстан кейінгі ауыл өмірінің тыныс-тіршілігін көрсететін "Кең өріс" повесі қайтадан өңделіп, толықтырылып "Шалқар" романына айналды. Бұл романда 50-жылдардағы ауыл еңбеккерлерінің сан алуан бейнесі жасалды. Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы Ғ.Сланов есімімен аталады. Ғ.Слановтың 110 жылдығына арнап, Тасқала ауылдық кітапханасы "Ғабдол Сланов – Атырау өңірінің мақтанышы" атты портреттік сағат ұсынады.

Портреттік сағатта жазушының шығармашылығымен таныса аласыздар.

Материалдар Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана қоры kazneb.kz порталынан алынды.

Жазушы Ғабдол Сланов шығармаларымен мына сілтемелер арқылы таныса аласыздар:

  1. Сланов Г. Степь да степь http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1109239&lang=kk
  2. Сланов Ғ. Дөң асқан http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1525699&lang=kk
  3. Сланов Ғ. Кең өріс http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1019790&lang=kk
  4. Сланов Ғ. Арман ағысы http://kazneb.kz/bookView/view/?brId=1525868&lang=kk
  5. Сланов Ғ. Жанартау https://kitap.kz/book/zhanartau
  6. Сланов Ғ. Очерктері https://kitap.kz/book/guma-osherkter-gabdol