ТОРТАЙ МІНЕР АҚ БОЗ АТ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 27-шығарылым. Жазушы Оралхан Бөкей «Тортай мінер ақ боз ат» әңгімесі

Оралхан Бөкейдің қаламынан «Қамшыгер», «Кербұғы», «Бәрі де майдан», «Қайдасың, қасқа құлыным», «Өліара», «Қар қызы», «Сайтан көпір», «Құм мінезі» сынды повестері, «Өз отыңды өшірме» атты романы және тағыда басқа көптеген повестері, әңгімелері ел арасында жоғары бағаланып, төл әдебиетімізді байыта, түрлендіре түсті.

Әңгімеде Тортайдың бастан кешкендері, соғыстан кейінгі қайғы-қасіреттері баяндалған. Мысалы: Тортайдың әжесімен ауылға қоныс аударуы, балалардың Тортайға сіңісуі, әкесінің қаза табуы, өзінің балалық армандары кімнің де болмасын құлағының құрышын қандырары анық. Тортайдың: «Бұл дүниеде пір тұтар, жалғыз-ақ нәрсем бар, ол – кітап» дегенінен кітаптың қандай құдірет күшін байқауға болады? Кітаптың адам өмірі, мінезі үшін қандай маңызы бар? Бұл сұраққа жауап беру үшін ең алдымен Еркінқала ауылдық кітапханасының ұсынып отырған әңгімені оқып, жауабын ала аласыздар.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Еркінқалаауылдықкітапхана



ҚАРЛЫҒАШТЫҢ ҚҰЙРЫҒЫ НЕГЕ АЙЫР?

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 26-шығарылым. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» ертегісі

Қарлығашты қазақ халқы ертеден қасиет тұтады. Егер, үйдің төбесіне қарлығаш ұя салатын болса, онда бұл отбасыда бақыт пен береке болады деген ырым бар. Ежелгі адамдардың айтуынша, оның ұясын бұзу – үлкен сәтсіздікке әкеледі. Осы құсқа қатысты аңыздар мен ертегілер жеткілікті.

Қарлығаштың өзге құстардан ерекшелігі – тұмсығы қысқа, түбі кең, езулерінің арасы алшақ келеді. Дене бітімі өте сымбатты. Тырнағы қысқа әрі әлсіз. Басқалардан басты айырмашылығы – құйрығы айыр. Оның себебі, халық ертегісінде түсіндіріледі.

Ендеше балалар, біз сендерге қарлығаштың құйрығы неге айыр болғанының себебін білу үшін Томарлы ауылдық кітапханасының ұсынып отырған «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген ертегісін тыңдауға шақырамыз.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Томарлыауылдықкітапхана



АҚБІЛЕК

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 24-шығарылым. Жазушы Жүсіпбек Аймауытов «Ақбілек» романы Жүсіпбек Аймауытовтың «Абілек» романында кер заманның тұсында сынға түскен қазақ қызының жігер-қайраты мен ақыл-парасаты арқасында өз ортасынан озып шығып, биікке көтерілуі көркем бейнеленген. Романның бас кейіпкері Ақбілек – əке-шешесінің көзінің ағы мен қарасындай ерке өскен, ажарына ақылы сай елге сыйлы ару.

Жазушының Ақбілек портретін сомдауы да сонша сырлы: «Мамырбайдың Ақбілегі, Ақбілегі – жас түлегі, айы-күні – сұлу қызы, алтын сырға, күміс шолпы сылдырлатып, ақ көйлегін көлеңдетіп...».

Романда оқиғалар желісі түрлене түсіп, жазушы тебірене жазған сұлу Алтай, сол Алтайды мекендегі сұлу ару Ақбілек тағдыры кімді болса да қызықтырып, шытырман оқиғалар иіріміне, тылсым сырлы сезімдер тереңіне тарта жөнеледі. Осы туындыны оқыған оқырманның өзі әдемі әлем, әсерлі ой құшағында қалары анық.

Ақжар ауылдық кітапханасының ұсынып отырған «Ақбілек» романын оқығыларыңыз келсе кітапханаға шақырамыз.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Ақжарауылдықкітапхана



ҚОНАҚТАР

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 23-шығарылым. Жазушы Төлен Әбдік «Қонақтар» әңгімесі Жазушы Төлен Әбдіктің «Қонақтар» әңгімесі бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпаған үлкен әлеуметтік мәселені көтерген шығарма. Шығарма тақырыбының идеясы - ата-ана, ата-ана алдындағы бала парызы, туған жер, қара шаңырақ.

Көтерген тақырыбы ауыр болғанымен, сөз орамдары мен айшықты сөздер еркін қолданылған шығарманың тілі жеңіл, оқушыны баурап аларлық сюжеттер желісі айқын.

Жаңаталап ауылдық кітапханасының ұсынып отырған «Қонақтар» әңгімесін, жазушының басқа да шығармаларын оқығыларыңыз келсе кітапханаға шақырамыз.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Жаңаталапауылдықкітапхана



ҚҰЛАҒАН ҮЙДІҢ ҚҰПИЯСЫ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 22-шығарылым. Жазушы Зияш Телеуованың «Құлаған үйдің құпиясы» кітабы

Жазушы Зияш Телеуованың «Құлаған үйдің құпиясы» атты кітабы — жасөспірімдерге арналған шытырман оқиғаға толы шығарма қала балаларының өмірін суреттейді. Басты кейіпкелері Кәрім, Аян, Бану Айбектің өзара достығы, үлкендерге мейірімділігі, кішіге ізеттілігі, айналада болып жатқан оқиғаларға сергектігі қазіргі жас жеткіншектерді адамгершілікке, достыққа, қоғамдағы түрлі қылмыс көріністеріне немқұрайлы қарай алмауға үйретеді. Кітап желісі алты оқиғадан тұрады.

Атырау ауылдық кітапханасының ұсынып отырған осы кітаптағы оқиғаларды әрі қарай өрбітіп оқығыларыңыз келсе кітапханаға шақырамыз.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Атырауауылдықкітапхана



БАҚЫТ ҚҰСЫ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 21-шығарылым. Балалар ақыны Сұлтан Қалиұлының «Бақыт құсы» әңгіме-ертегісі

Ауыз әдебиетінен бастау алған балалар әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі – жазушы, ақын Сұлтан Қалиұлы. Жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік, еңбекқорлық, адамдық асыл қасиеттерді дарыта түсуге атсалысты.

Ақынның «Бақыт құсы» деп аталатын ертегісі поэтикалық дүниелердің ішіндегі қарасөзбен жазылған әдемі классикалық шығармасы.

Олай болса, аталған ертегіні Ракуша ауылдық кітапханасының меңгерушісі Ақмарал Меретқызы баяндап береді. Бірге тыңдайық.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Ракушаауылдықкітапхана



ЖУСАН ИСІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 20-шығарылым. Жазушы Сайын Мұратбеков «Жусан исі» повесі Қаламы қарымды қаламгер Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» повесін оқымаған жұрт кемде кем шығар... Әсіресе, мектеп жасындағы оқушылар шығармадағы әрбір кейіпкермен етене таныс әрі жақын.

Жазушы бұл шығармасының желісін өзінің балалық шағынан алған екен. Демек, соғыстан кейінгі ауыл балаларының тағдыры. Повестте екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ауыл балаларының бастан кешкен оқиғасы, көрген ауыртпашылықтары, халықтың ауыр тұрмысы суреттеледі. Негізгі образ – тағдыр талқысына түскен, жастайынан жетімдіктің зарын татқан Аян бейнесі. Баланың ақылы мен табандылығы, асқан төзімділігі өзгелерге үлгі болады. Аянның маңайындағы балаларға айтқан ертегілері адамға ой саларлық құндылығымен ерекше.

«Жусан иісінің» негізгі түйіні – тағдыр талқысына түскен, жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала Аян бейнесі. Аянның ақылдылығымен намысшылдығы, сүйкімділігімен төзімділігі үлкен адамға тән мінез. Кішкентай Аянның бойындағы осындай мінез оның ерте есейгендігімен ақылдылығының белгісі. Ер баланың мінез - құлқында қайраттылық, намысқойлық, төзімділік, қамқорлық ерекше көрінуі тиіс. Сонда ғана ол жақсы азамат болып қалыптасады.

Еркінқала ауылдық кітапханасы С.Мұратбековтің «Жусан исі» повесі арқылы баршаңызды кітап оқуға шақырады.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Еркінқалаауылдықкітапхана



ТҮЛКІ МЕН ЕШКІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 19-шығарылым. «Түлкі мен ешкі» ертегісі Ертегілер – халық өмірін бейнелейтін қиял-ғажайып негізге құрылған оқиғалы көркем шығарма. Онда табиғаттың адам баласына жұмбақ болып келген сан алуан құбылыстары айтылады, үстем тап өкілдерінің зұлымдық, қастандық әрекеттері әшкере етіледі, тыңдаушысын өмір күресіне бастайды, адам арманының жарқын болашағына жөн сілтейді.

Ертегіден халықтың әр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүние танудағы түсінігі мен көзқарасы көрініп отырады. Өресі кең, саласы көп қорлардан құралып, қазақ халқының аз-көп аузында сақталып қалған, өзінше өңделген, өзгертілген ертегілер – халық қазынасы.

Ертегілердің ішінде балалардың сүйіп оқитын, олардың жас ерекшеліктеріне тән мұралар көп. Халық ертегісі ғасырлар бойы балалардың ықыласын өзіне қызықтыра тартып, жас жанына әдемі әсер беріп, көңілін шаттыққа бөлейді. Ондағы бай қиял балалардың ойына қозғау салып, өмірдің неше алуан құбылыстарын тануға, сана-сезім, ақыл-ой қызметінің ерте дамып қалыптасуына әсер етеді.

Бүгінгі шығарылымда Құрманғазы ауылдық кітапханасы кішкентай оқырмандарға «Түлкі мен ешкі» атты қазақ ертегісін бірге тыңдауға шақырады.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Құрманғазыауылдықкітапхана



АЙ МЕН АЙША

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 18-шығарылым. Жазушы Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» роман-диологиясы.

«Ай мен Айша»- өмірбаяндық романның жаңа үлгісін танытатын, адамның қалыптасуы мен қоғамның дамуын сабақтастыра суреттеген шығарма. Мұндағы адам тағдырлары сұрқай заман шындығын ойлантпай, толғантпай қоймайды. Автор адам жан дүниесін көркемдік тұрғыдан зерттей отырып, кейбір мінезін ашу арқылы оның адам ретіндегі болмысын жан-жақты ашуға тырысты.

Жазушының өзінен «Ай мен Айшада» Ай образын жасаудағы себебіңіз не?» деп сұрақ қойғанда, Ш.Мұртаза: «...Кітаптың атында неге ай тұр десеңіз... Ол, енді, біржағынан тағдырдың ұқсастығы сияқты, біздің анамызбен, әсіресе соғыс кезіндегі жесірлік, қиыншылық көрген аналардың тағдырына ұқсас».

Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романының «Жолашарында» «бала күнінде көргенін, естігенін» ортаға салғысы келгенін айтады. Ал, шығарманы бастан аяқ оқып шыққаныңда, «Ай мен Айшаның» идеялық-эстетикалық мән-мағынасы әлде қайда кең де терең екеніне көз жеткізесің. Роман қазақ ауылының өткен ХХ ғасырдың отызыншы, қырқыншы, елуінші жылдардағы қиын тұрмысы, ауыр ахуалы, әлсіз үміт жетегінде жүріп, тоталитарзим мен шовинизм қазған ордың жар қабағында тұрса да, құлап кетпей, әупірімдеп күн көріп, не машақаттың барлығымен жансебілдікпен алысқанын суреттейді.

Дамбы ауылдық кітапхана жазушы Ш.Мұртазаның «Ай мен Айша» романын оқуға ұсынады. Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Дамбыауылдықкітапхана



ТАЗА БҰЛАҚ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 17-шығарылым. Ыбырай Алтынсарин «Таза бұлақ» әңгімесі

Ыбырай әңгімелерінің негізгі қайнары халық мұрасынан алынған. Оның шығармалары жас ұрпақты мейірімділікке, адалдыққа, ізеттілікке, ақылдылық пен білімділікке т.б ізгі қасиеттерді үйретуге шақырады. Ыбырай шығармаларының басты тақырыбы – еңбек. Тәрбие негізі – адал еңбекте деп тұжырым жасайды. Әр әңгімесінде тәрбиенің ізі жатыр. Оны түсініп оқыған адам ғана ұлы ұстаздың шебер тәрбиеші екеніне көзі жетеді. Тасқала ауылдық кітапханасы "Таза бұлақ"әңгімесін назарларыңызға ұсынады.

Кітап оқыңыз! Кітапханаға келіңіз!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#Тасқалаауылдықкітапхана



ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 16-шығарылым. Жазушы Мұхтар Әуезов «Қорғансыздың күні» әңгімесі.

Жазушы М.Әуезовтің «Қорғансыздың күні» шығармасы оқырманның көз алдына байырғы қазақ ауылындағы кедейлер өмірінің бір көрінісін тамыр-тереңінен қопарып әкеліп, бейшара, қорғансыз жандардың тұрмыс-тіршілігіндегі жан түршігерлік азап пен ауыртпалықты аса шыншылдықпен әсерлі баяндайды. Жазушы өмір шындығын, заман сипатын, адамның тіршілік-тынысымен байланыстыра, сабақтастыра шебер әңгімелеп жеткізеді. Оқиға басталғаннан-ақ оқушыны қорқынышты бір үрей сезімі билейді. Тағдыр тауқыметін арқалаған жүдеу үйдегі соқыр әйел, кәрі әже, жас қыздың зарлап калуы кімді болса да тебірентпей қоймайды. Қорлыққа жаны төзбеген, жауыздықтың құрбаны болған Ғазизаның әкесінің моласына барып, үсіп өлуі себебін жазушы өте анық та дәл шебер суреттейді.

Сол күні жас қызға араша болардай ешкімнің болмауы қараңғылық құрсағында қалған қорғансызды көз алдымызға әкеледі. Сол кеште табиғат Ғазизаға жылы қабақ танытса, осындай болмас па еді? Шығарманың соңында Ғазизаның өлі денесін тауып алған қатал табиғат жамандықтың болғанын аязы арқылы берді.

№12 қалалық кітапхана ұсынып отырған бұл әңгіме әр оқырманын тебірентпей қоймайды. Кітап оқиық. Кітапханамен бірге болыңыз.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#12ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



ЖАНТАЛАС

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 15-шығарылым. Жазушы Жемісбек Толымбек «Жанталас» повесі Толымбек Жемісбектің «Жанталас» повесі балаларға арналған. Патриоттық сезімге жетелтейтін бұл шығарма «Дарабоз» бәйгесінде бас бәйгені жеңіп алған қазақтың батыры Сартай туралы. Шығармадағы батырдың тұлғасы айқын, балаларға үлгі десек, қателеспейсіз.

Жанталастың қысқаша мазмұнын №11 қалалық кітапхана меңгерушісі Гүлмаржан Қалыбайқызы баяндап береді. Зейін қойып тыңдап, шығарманы кітапханадан алып оқыңыз.

Біздің кішкентай оқырмандар, ата-аналар. Жазғы демалыста бізбен бірге кітап оқуға шақырамыз.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#11ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



КӨКСЕРЕК

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 14-шығарылым. Жазушы Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі «Көксерек» әңгімесінде жазушы қасқырдың мінез-құлқы, өзіне тән табиғи қасиеттерін тақырып етіп алып, айналаны қоршаған табиғаттың өз заңы, өзіндік ерекшелігі бар екендігін адамдардың түсіне білуі қажет деген ойды білдіреді. Бұл шығармада М.Әуезов табиғат пен адам арасындағы байланысты көрсетеді. Әңгіме негізіндегі басты ойды ашатын ең негізгі оқиғалар қандай? Ауыл адамдарының іс-әрекетін ақтауға бола ма? Табиғатқа қиянат келтіру, оның тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыздар? Әңгіме қалай аяқталады? Қарғыспен аяқтауына не себеп? Бұдан нені ұғамыз? Жазушы неге үндейді? Көксеректі жауыздыққа, соншама өшпенділікке баулыған нәрсе не? Әлде табиғаттың қатаң заңы ма, қасқырлар әлемінің тіршілік заңы солай ма? Осындай сан сауалдың жауабын «Көксеректі» оқу арқылы біле аласыз.

Бүгінгі шығарылымда «Көксерек» әңгімесімен таныстырған №10 қалалық кітапхана меңгерушісі Сәуле Қуанова.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#10ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



ОҢ ҚОЛ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 13-шығарылым. Жазушы Төлен Әбдік «Оң қол» әңгімесі Сіз жазушы Төлен Әбдіковтың «Оң қол» әңгімесін оқып көрген бе едіңіз? Бір деммен оқылатын әңгіме болса да оқып болған соң өзгеше сезімге бөленесіз. Егер оқымаған болсаңыз оқуға кеңес береміз.

«Оң қол» - Төлен Әбдіктің жиырма бес жасында жазған алғашқы әңгімелерінің бірі. Әңгіме психиатриялық ауруханаға түскен 17 жастағы Алма туралы. Сұлу бойжеткеннің сырқаты - жан түршігерліктей қорқынышты. Қыз қалың ұйқы құшағына кеткен шақта, оң қолы өзін қылқындырып өлтіруге әрекет жасайды. Дәрігерлер аурудан арылудың сан түрлі амалын жасағанмен, Алманың оң қолына бөгет бола алмайды. Ақырында Алманы емдеуші дәрігер қолын алып тастау керек деген шешімге келеді. Шешім қандай болды? Оқиға немен аяқталды? Оны сіз әңгімені толық оқып шыққанда біле аласыз.

ШЫҒАРМАДАН ҮЗІНДІ:

«Жер бетінде бүкіл тіршлілік атаулы жойылып, әлемде жалғыз қалған бір сәтіңді елестетіп көрші. Мұндайда өлім қорқынышты емес, керісінше тірлігің қорқынышты болмақ.»

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#7ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



ҚОРҚЫТ АТА

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 12-шығарылым. Қазақтың аңыз-әпсаналары. «Қорқыт ата» аңызы Өмірден алынып, кезінде ауызекі айтылған әңгімелердің бір тармағы – аңыз-әпсаналар. Сіздердің назарларыңызға ұсынылып отырған «Қазақтың аңыз-әпсаналары» жинағына балалардың түсінуіне лайықты аңыз-әпсаналар үш топқа бөлініп, топтастырылған. Жинаққа енген Асан қайғы, Қорқыт баба, Жиренше шешен, Аяз би, Абылай хан туралы аңыз әңгімелер оқырманды көрегендікке баулып, жаман әдет, жат мінездерден сақтандырады, елін-жерін сүюге талпындырады.

Ендеше, «Қорқыт ата» тарихи аңыз-әпсанасын №9 қалалық кітапхана меңгерушісі Бану Жеңісқызымен бірге тыңдайық.

Кітап оқыңыз! Озық болыңыз! Кітапханаға келіңіз! Бізде таңдау көп.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#9ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



ҰЛПАН

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 11-шығарылым. Жазушы Ғабит Мүсірепов "Ұлпан" романы Шығарманың оқиғасы XIX ғасырда қазақ даласында болған тарихи шындықтарға негізделген. Романның Ұлпан, Есеней, Мүсіреп тәрізді кейіпкерлері өмірде болған адамдар.

Романның атына лайық, оның ең басты кейіпкері — Ұлпан. Ұлпан- романтикалық характер. Ұлпандай тарихи адам өмірінің тарихи шындығын жазушы асқан дәлдікпен суреттеп, өз ортасынан оқшау шыққан адам екенін көрсетіп, қаһармандық қасиеттерімен әрлейді. Батырдың ерке қызы шаңырақтың берекесі, үйдің киесі болып, жоқты бар, азды көп етіп отырады. Он саусағынан өнер тамған Несібелі ананың ұяда берген тәрбиесінің арқасында Ұлпанға тек Есеней ғана емес, бүкіл ел қызығып, сүйсінген.

Жазушы өзінің күнделігінде: «Ұлпан – менің Монна Лизам» деп жазған екен. Адам жанының тазалығын, ізгілік нұрын әспеттеген, әйгілі сөз шеберінің арман- аңсарынан туған туындының қай оқырманның да жүрегінен орын алары сөзсіз. Сондықтан баршаңызды бізбен бірге кітап оқуға шақырамыз.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#8ҚАЛАЛЫҚКІТАПХАНАҰСЫНАДЫ



АЛДАР КӨСЕ МЕН ШЫҚБЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 10-шығарылым. «Алдаркөсе мен шықбермес Шығайбай» ертегісі Әр заманның өз қу кейіпкері болатыны даусыз. Соның бірі – ертедегі елдің алғысына бөленген әрбір қазақ білетін ертегі кейіпкері – Алдар көсе. Тарихқа көз жүгіртсек, Алдар барша түркі халқына танымал, бүгінге дейін жұрт жадында жатталып келген тұлға. Ол қазақ ауыз әдебиетінің кейіпкері, ақылды айлакер, зерделі қудың жиынтық бейнесі. Алдар көсе әрдайым өзінің асқан айлакерлігімен мұратына жетіп отырған. Ел көсені қалай таныса, өмірде де тура сол қалпында болған. Оның басты мақсаты, өмірлік ұстанымы сараң байларды, пайдакүнем саудагерлерді, озбыр ханды әжуа ету, үлкіге қалдыру. Реті келсе, алдап қолында барын тартып алу. Шықбермес Шығайбайдың асын ішіп, атын мініп, қызын алады. Өйткені Алдар көсе әділетсіз билік иелерінен қиянат, қорлық көрген қарапайым халықтың өкілі. Ертегінің басты мақсаты: адам бойындағы жағымды-жағымсыз қылықтарды ажыратып, оған өз көзқарасын, ойын айтуға үйрету.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



ҚАРАҚҰС, ТАСБАҚА ЖӘНЕ ДИҚАН

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» BOOKDATING жобасы. 9-шығарылым. Ділдә Матайқызы «Ұрпағым саған айтамын» кітабынан «Қарақұс, Тасбақа және диқан» ертегісі.

Тасмағамбеткеліні Ділдә Матайқызының "Ұрпағым саған айтамын" атты кітабы - жас буынның таным көкжиегін кеңейтіп, санасына сәуле түсірер, мазмұны терең, мән-мағынасы зор туынды. Кітаптағы "Әселге айтқан ертегілер" ішінен "Қарақұс, тасбақа және диқан" атты ертегісінде қарны ашқан әккі қарақұс оңай олжаға кенелгісі келіп, 3 ғасыр жасаған қарт тасбақаны ақша бұлтқа дейін көтеріп тастай салып, бір тоямын ғой деген ойы іске аспай, есекпен егінін қарап жүрген қарт диқаншының қақпанына түсіп қалып, алып қарақұс қарақшыға айналғаны туралы қызықты ертегі. Ертегі кітапсүйер балаларға арналған.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы

#№5ҚАЛАЛЫҚБАЛАЛАРКІТАПХАНАСЫҰСЫНАДЫ



АҚ КЕМЕ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 8-шығарылым.

Шыңғыс Айтматов «Ақ кеме» повесі

Шыңғыс Айтматовтың «Ақ кеме» повесінде кішентай ғана баланың көзімен күллі әлемнің қуанышы мен қайғысына үн қосқан аңыз бен мифті шындықпен астастыра суреттейді. Бала атасының аңыз әңгімелерін тыңдап, алыстағы ақ кемелермен тілдесіп, қиялға беріледі. Ол атасының Бұғы тайпасы үшін қасиетті мүйізді Ана туралы әңімелеріне ерекше қызығушылық танытатын. Романның соңы қайғылы оқиғалармен аяқталып, Момын қария өзі киелі санаған Киелі Бұғы ананы атумен тынады. Бұл көріністі көрген бала-өмірден түңіліп, «балыққа айналу» үшін өзенге түсіп, мәңгілік балыққа айналып кете барады. Бұл шығарма алғаш рет 1970 жылы жарық көрді.

Шығарма жасөспірімдер мен қалың оқырмандарға оқуға ұсынылады.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



АЛТЫН САҚА

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 7-шығарылым. «Алтын сақа» ертегісі

№4 қалалық балалар кітапханасы қазақ халқының қиял-ғажайып «Алтын сақа» ертігісін ұсынады.

Мақсаты: ертегіні мазмұндау және талдай отыра жас оқырмандардың ойларын тиянақты жеткізе білуде ойлау шеберліктерін дамыту. Сонымен қатар, ертегіні оқи отыра қазақ әдебиетінің бай мұрасына деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Қазақ ертегілеріне қызығушылығын арттыру, қиындықты ақылмен, тапқырлықпен жеңе білуге тәрбиелеу.

Алтын сақаның бас қаһарманы - халықтың арман-мұраты. Қазақ ертегілерінің бас қаһармандары аңшы-мерген, жауынгер-батыр, кенже бала, тазша бала, жалғыз бала және басқа әлеуметтік теңсіздіктегі бұқара өкілі. Бұлардың бәрі - халық арманынан әр кезде туған кейіпкерлер. «Алтын сақадағы» бала сондай кейіпкер. Онда батырлық және қиял-ғажайып ертегіге тән белгілердің бәрі бар. Бала жұртта қалып қойған алтын сақасын алып келуге барып, жалмауыз кемпірге кез болған бала кемпірдің алдағанына сенбей, сақасын ат үстінен іліп алып, қаша жөнеледі. Мыстан кемпір тұра қуады. Осымен оқиға шиеленісе түседі. Соңында, «Алтын сақада» сол сақасын алуға барған баланың ерлігінің арқасында оның ата-анасы ғана емес, тұтас туған елі жалмауыз кемпірдің қорлық-зорлығынан азат болады. Қазақ халқының «Досы көпті жау алмайды» деген мақалы бекер айтылмаса керек. Достарының көмегі арқасында бала өз мақсатына жетті.

Ендеше, құрметті жас оқырмандар, сендер де кітап оқып, бір - бірлеріңнен достық көмектеріңді аямауларың керек. Кітап оқуды қиял- ғажайып ертегілерден бастаңыз! Ғажайыптар әлеміне үңіліңіз.

Әлдемдегі тылсымға толы мекендерге бастайтын ертегілер мен шағын әңгімелер, повестерден бастаңыздар!

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



ӨЛГЕНДЕР ҚАЙТЫП КЕЛМЕЙДІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 6-шығарылым. Жазушы Бердібек Соқпақбаев «Өлгендер қайтып келмейді» романы

Бердібек Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді» романы соғыс жылдарындағы қазақ халқының ауыр тұрмыс-тіршілігін, бастан кешкен азалы күндерін суреттейтін шығарма. Үш бөлімнен тұратын шығарманы автор бірінші дәптер, екінші дәптер, үшінші дәптер деп атаған.

Романның басты кейіпкері – Еркін Мамырбаев есімді 15-16 жас шамасындағы бозбала. Оқиға Еркін арқылы баяндалып, болған жайттарға Еркіннің көзқарасымен баға беріледі. Еркіннің шығармадағы образы ақкөңіл, қарапайым, шыншыл, намысшыл қазақтың қара домалақ баласы. Еркіннен бөлек шығармада туған ағасы Сәрсебек, жеңгесі Қаныша, анасы, Ғалия, Зағипа, Нұрәлі есімді т.б кейіпкерлер бар.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



АҚЫМАҚ ҚАСҚЫРІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 5-шығарылым. Ақымақ қасқыр ертегісі

Қазақ ертегілері мейірімділікке, адалдыққа, әділеттілікке үйретеді. Жамандықтан, өтіріктен, зұлымдықтан аулақ болуға тәрбиелейді. Әрдайым татулық, бірлік, ынтымақ жеңетінін көрсетеді . Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Қазақ ертегілері – тәрбиенің айнымас көмекші құралы, олар бізге түсінікті тілде өмір туралы, қиын жағдайлардан шығу жолдарын көрсетеді.

Бүгінгі шығарылымда «Ақымақ қасқыр» ертегісін оқуға ұсынамыз.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 4-шығарылым. Жазушы Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі «Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі.

Повесте ең өткір мәселе – әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін бірі сүйген екі жастың – Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады.

Осындай жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарманы филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Аяпова Гүлзира Борамбайқызы, №2 қалалық кітапхана оқырмандары Әділбек Ерғалиев, Оразова Мархабат оқуға ұсынады.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 3-шығарылым. Балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлының «Ғажайып тас» ертегісі

Балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, үлкен ізденіспен қабырғасын қалаған жазушы Сұлтан Қалиевтің еңбегі зор. Бала психологиясын терең меңгерген қаламгердің шығармалары ешкімді қайталамайтындай ерекше. Балаға деген маххабаты оның ертегілерінен, шығармаларынан көрініс тапқан. Қаламгер балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, жеткіншектердің рухани тәрбиесі жолында аянбай тер төкті, мол мұра тастап кетті.



2-шығарылым. Жазушы Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»
СӘУЛЕ ДОСЖАН "ҚАСІРЕТ ПЕН ТАҒДЫР" РОМАНЫ
Жазушының «Қасірет пен тағдыр» кітабын шығарудағы басты мақсаты Семей ядролық полигонының қасіретін жеткізу, қазақ халқының зұлмат заманды бастан кешкен мықты, қайсар ел екенін көрсету. Социалистік режим саясатынан зардап шеккен Семей өңіріндегі полигон жарылыстарының құрбандарына арналған романның басты тақырыбы қандай? Кейіпкерлері кімдер? Басты кейіпкердің қилы тағдыры арқылы жазушы нені суреттейді? Осы және өзге де қасіретке толы тағдырлардың бейнесін аталған романнан табасыз. Ұсыныс бізден, таңдау сізден. Бірге оқиық!