Қаламызда қайық есу, бокс, футбол, тоғызқұмалақ, баскетбол, үстел үстіндегі теннис, шахмат, волейбол үйірмелері кең тараған. Атап өтсек: Атырау қаласының орталық «Мұнайшы» стадионы жанында спорт комплексі және жүзу бассейні бар. Атырау мұз айдынында коньки теуіп, демалуға мүмкіндіктер қарастырылған, хоккейден еліміздің біріншілігінің ойындары өтеді. Теннис орталығында үлкен теннис ойнауға арналған 4 ашық және 4 жабық алаңы бар.

Қала спортшылары түрлі спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жұр. Әр кезеңде Атырау намысын қорғаған белгілі спортшылар және өңірде спорт түрлерінің қалыптасуына еңбек сіңірген спортшылар мен төрешілер бар. Осыған орай 6 қазан күні Орталық балалар кітапханасы «Атыраудың спортшылары» атты тақырыппен №1 Олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар- жасөспірімдер мектебіне барды. Бұл мектепте әртүрлі спорт секциялары жұмыс жасайды. Соның ішінде таеквондо және дзюдо спорт түрлерімен шұғылданатын оқушылар Сәрсенбай Аян, Ерлан Мирас, Жақып Абдулла, Тәженова Мариям, Тәженова Амирамен кездесіп, жас спортшылар жетістіктерге қалай қол жеткізгендері, марапаттары, армандары туралы ойларын айтып жеткізді.