63.3(0)

Е81

                Ескендіров А.Е. Жаһан таныған жеті тұлға: тарихи- танымдық баян .- Алматы: Қазығұрт, 2017.- 654 б.

      

            Бұл кітапқа дәуір дүрсіліне жүрек қосқан тарихи тұлғалардың ел басқару үрдісіндегі ғибратты ғұмыры арқау болған. Өз отандастарының да, жатжерліктердің де санасында серпілі тудырған олардың теңіздей буырқанған тағдырлары ешкімді бейжай қалдырмайды.

          Теңдессіз саясаткерлік тәжірибе, мазғымайтың отансүйгіштік сезім, туа біткен шешендігк дарын, қарымды ой қуаты оларды қарапайым пенделерден ерекшелеп тұрады. Кітаптың жалпы мазмұны – жаһан таныған жеті тұлға хақында.

 

 

63.3(0)

Е81

         Қасиетті Қазақстан [Мәтін]. Т.2. Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс Қазақстан облысы, Маңғыстау облысы / Бас ред.: Б.Әбдіғалиұлы.- Астана: Полиграфкомбинат, 2018.- 415(1)б.

   

               

 

63.3(5Қаз)

О-42    Озғанбай, Ө.

            Тарихи тұлғалар тағылымы [Мәтін] / Ө. Озғанбай; Ред.: А.Сыдықбай.- Астана: Фолиант, 2016.- 435(5) бет

             Тарихты тұлғалар жасайды. Ғасырлар қойнауынан суыртпақтап сыр тартқан тарихшы ұлы даланың әр кезеңде бой көрсеткен ұлы тұлғаларының өзіндік галереясын жасай отырып, олардың мәлім де беймәлім ғұмырлық ұстанымын, көзқарасын, сыр- сипатын, болмыс-бітімін аша түседі, халық жадында жаңғыртады.

            Көркем ой, мағыналы сөз бен деректер негізінде өрілген бұл кітап қалын көпшілікке арналған.

 

 

63.3(5Каз)

В27    

            Великая степь в античных и византийских источниках [Текст]: Сборник материалов / Сост. и ред.: А. Гаркавца.- 3-е изд., пер. и доп.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.- 1328(2)с.

 

 

63.4(5Қаз)

А90    

            Атамекен [Мәтін]: Ақпараттық-танымдық жинақ / Құраст.: С.Итеғұлова.- Нұр-Сұлтан: Ш.Шаяхметов атынд. ТДРҮӘО, 2019.- 143(1)б.

                 Жинақта Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының құрамына енген ел аумағындағы археологиялық ескерткіштер мен ортағасырлық қалалық орталықтар туралы мәліметтер беріледі. Сондай-ақ бұл жәдігерлер төңірегіндегі тарихи мәліметтер мен атадан балаға жеткен аңыз –әңгімелер қатар өріліп, оқырмандарды халқымыздың рухани әлеміне жетелей жөніледі. Өлкеміздің бай табиғи, тарихи, түристік әлеуетін таныту мақсатында, қолданылған иллюстрациялық материалдар жинақтың тартымдылығын арттырады.

        Жинақты еліміздің тарихы, мәдениеті мен руханияты қызықтыратын жалпы көпшілік қауым пайдалана алады.

 

 

63.4(5Қаз)

Қ18    

            Қазақстанның өңірлік қасиетті нысандары [Мәтін] = Региональные сакральные объекты Казахстана / Ред.: Г.Ақжолова, С.Уралова.- Астана: Фолиант, 2017.- 495(9) бет.- (Рухани жаңғыру).

 

63.4(5Каз)

Б20     Байпаков, К.М.

            Жетытобе [Текст]: Курганы сакской знати в долине реки Талас / К.М. Байпаков, Д.А. Воякин, М.К. Сейткалиев; Отв.ред.: Б.А.Байтанаев.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.- 183(1) с.

     

            В книге приводятся предварительные результаты материалов археологических раскопок двух больших курганов, исследованных в Жамбылской области ТОО «Археологическая экспертиза». В издание также вошли краткие сведения о курганах, исследованных в 1985-86 гг.

     Книга адресована археологам, историкам, краеведам и всем интересующимся древней истории Жетысу.

 

 

83.3(0)я7

Д87    

            Дүниежүзі түркологиясының тарихы [Мәтін]. 1-бөлім: Хрестоматия / Құраст.: Ш.Ибраев, Қ.Келімбетов.- Алматы: Раритет, 2019.- 310(2)б.

 

 

84(5Қаз)

М13    Майбас, Т.

            Мыңқыш [Мәтін]: Этнографиялық хикаяттар мен әңгімелер / Т. Майбас; Ред.: М.Б. Ақсанов, Ш. Жеңісқызы.- Алматы: Алматы-Болашақ, 2019.- 286(2)б.

   

            Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірқатар қысқа хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр. Ұлттық қанық бояумен суарылған этнографиялық әңгімелер мен хикаяттардың оқырмандарына берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.

 

84(5Қаз)

Д60     Домбай, Н.

            Күй құдіреті [Мәтін]: Эсселер мен публицистикалық мақалалар / Н. Домбай; Ред.: Ш. Рахимбекова.- Алматы: Ана тілі, 2019.- 383(1)б.

 

           Белгілі қаламгер Н.Домбайдың бұл кітабына әр жылдары жазылған сұхбаттары, эсселері мен публицистикалық мақалалары енгізіліп отыр.

 Автор сан-алуан сипатта жазылған дүниелерінде әдебиет пен өнер қайраткерлерінің, туындыларымен танымал талантты тұлғалардың қырлы да сырлы өмірін тереңдей ашып, көркем портреттерін жасайды.Сондай- ақ өміріміздің өнегелі өкілдері жайлы сыр шертіп, жарасымын тауып отырған достығымыз бен ардақ тұтар ардагерлеріміздің өмір жолы- асыл қасиеттерін арқау етеді. Жазбалардан замана шындығы, уақыт тынысы сезіледі. Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

84(5Қаз)-5

Ш18   Шаймерденұлы, Е.

            Сағым дәурен [Мәтін] / Е. Шаймерденұлы; Ред.: М.Мәулетқұлова.- Нұр-Сұлтан: Фолиант, 2019.- 396(4)б.

     

            Ақын Ербол Шаймерденұлының бұл жыр жинағы айшықты азаматтық үнімен, терең ой сарынымен, ақ адал сыршылығымен ерешеленеді. Адам мен қоғам туралы , өмір жайлы сезім мен сенімнен өрілген сыршыл толғаныстар шынайылығымен тартымды. Отаншылдыққа, адалдық пен арлылыққа шақыратын ойлы өлең, отты жырлар жыр сүйер қауымның жүрегіне жол табар деп сенеміз.

 

 

84(5Қаз)-5

Ә72     Әріп, Ғ.

            Дыбыстар дірілі [Мәтін]: Өлеңдер, толғаулар, поэмалар / Ғ. Әріп; Ред.: Ғ.Жандыбаев.- Алматы: Дәуір, 2019.- 286(2)б.

       

            Жинаққа ақынның жаңа өлеңдері мен толғау, дастандары енген. Автор отаншылдық рухын арқау еткен шығармаларында ел мен жер тағдырына деген перзенттік махаббатын домбыра үніндей сезім дірілімен жеткізе білген. Әсіресе өзі туып- өскен Маңғыстау өңірінің тереңнен тамыр тартқан тарихы мен таңғажайып табиғатын ерекше шабытпен жырлайды.

             Жинақ жырсүйер көпшілік қауымға арналған.

 

 

84(5Қаз)-44

С14     Сағынтай, С.

            Көктемнің мөлдір тамшысы [Мәтін]: Әңгімелер мен хикаяттар / С. Сағынтай; Бас ред.: Ж.Тойбаева.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.- 113(3)б.

        

             Бұл кітабына соңғы жылдары жазған әңгімелері мен хикаяттары топтастырылған.

 

 

84(5Қаз)-44

Ә14     Әбдірайым, Т.

            Тағдыр сыйы [Мәтін]: Әңгімелер, хикаяттар, эсселер / Т. Әбдірайым; Ред.: Қ.Қайым.- Алматы: Дәуір, 2019.- 303(1)б.

  

        Бұл кітабына бүгінгі замандастарымздың тағдыр- талайып, тыныс- тіршілігін арқау еткен бір топ әңгімелері,  «Жұдырық», «Оралу» хикаяттары және эсселері енген.

        «Жұдырық» хикаятында туған жерін аңсап, тағдыр теперішін көрген, абақтыдан қашқан Тәкен тағдыры суреттелсе, «Оралу» повесіндегі Мейірбектің бір жыл ішінде басынан кешкен қилы-қилы өмірі әдемі өріледі. Әдеби эсселері де өзінің шынайылығымен, сыршылдығымен адам жанын баурайтыны анық.

       Көктемде жауар құс қанатындай жаны мөлдір, ары ақша қардай кейіпкерлерімен де бұл жинақ оқырманын рухани сусындатады деген  сенімдеміз.

        Кітап көпшілік оқырманға арналған.

 

 

84(5Каз)

М22    Мамесейіт, Т.

            Месть беркута [Текст]: Повести и рассказы / Т. Мамесейіт; Пер. с каз.: К.Кешина, З.Булановой.- Алматы: Алматы-Болашақ, 2019.- 349(3)с.

         В произведениях писателя описываются взаимосвязь между человеком и природой, современная жизнь и прошлое родного края, любовь к родной земле, уважение и чувство родного аула. Читатели знакомятся с традициями казахского народа, с колоритными  харатерами и разными жизненными коллизиями.

       Читателям представлена повесть «Плач охотника», получившая высокую оценку литературной критики. Также включены в сборник две повести и рассакзы «Месть бркута», «Честь джигита», «Прощание», «Кусок конины», «Гульдерайым» и др.

        Проза Т. Мамесейита написана в спокойной повествовательной форме, которой характерна достоверность изображения современной жизни. Искренность, задушевность позволяет автору раскрыть трагические стороны реальной действительности.

 

 

 

 

81.2(5Қаз)

Ж69    Жолдыбайұлы, М.

            Шығармалары [Мәтін] / М. Жолдыбайұлы; Ред.кор.: М.Әуелбекова.- Нұр-Сұлтан: Алашорда, 2019.- 453(3)б.

 

 

 

26.89(0)

Ж82    Жұртбай, Т.

            Жолы болған жолаушы [Мәтін]: Ғылыми экспедициялардың күнделіктері / Т. Жұртбай; Ред.: Қ.Қайым.- Алматы: Дәуір, 2019.- 350(2)б.

 

 

84(5Каз)-44

Б75     Бодаубай, Б.

            Тайна старой тетради [Текст]: Роман / Б. Бодаубай; Пер. с каз.: Б.Момыш-улы.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.- 237(3)с.

           

           В романе известного казахского писателя  Б.Бодаубая «Тайна старой тетради» раскрываются горестные и трагические события двадцатых годои тридцатых годов, описывается острая классовая борьба, взлеты и падения, изломанные и разбитые судьбы, горе и страдания беззащитных, трагические ошибки и разочарования, связанные в острые сюжетные коализии. Все это вызывает искернние читательские сопереживания и неподдельный интерес.

           Для широкого круга читателей.

 

 

 

84(5Қаз)-5

О-61    Оңғарсынова, Ф.

            Шілде [Мәтін] / Ф. Оңғарсынова; Ред.: Ж.Құлиев.- Алматы: Сардар, 2019.- 479(1)б.

 

            Қазақтың көрнекті ақыны, халық жазушысы Фариза Оңғарсынованыңбұл жинағы – тұтас бір тарихи – әдеби дәуірдің идеялық-көркемдік бейнесін жан- жақты сомдаған рухани құндылығымыз. Ақын – өз заманының ар- ожданы десек, әлемдік мәні зор, поэтикалық әсері әрқашан мөлдір Фариза Оңғарсынова жырларының өз оқырманына берері мол.

 

84(5Уйг)-44

А97     Ашири, А.

            Баурчук Арт Текин [Мәтін]: Роман-эпопея / А. Ашири; Ред.: Е.Ринатова.- Алматы: Дәуір, 2019.- 287(1)б

               Исторический роман написан на основе событий XIII века, происходивших в Уйгурском Идикутском государстве, и является логическим продолжением романа- эпопеи «Идикут» . Баурчук Арт Текин был одним из выдающихся полководцев своего времени, Чингисхан назвал его пятым сыном. Через образ Баурчук Арт Текина писатель показывает, как мудрая политика страны спасла Идикутское государство от гибели, разорения и, возможно, от полного уничтожения всего народа.

 

 

84(5Қаз)-44

Т87     Түменбай, Қ.

            Жасыл жанып тұрғанда [Мәтін] / Қ. Түменбай; Ред.: Е.Амантаев.- Алматы: Дәуір, 2019.- 190(2)б.

           Бұл жинағында хикаяттары мен әңгімелері енген. Мәселен, «Жасыл жанып тұрғанда» хикаятының леймотиві – күнә және одан арылу болса, «Ағаш ескерткіште» қолына кетпен ұстаған қарапайым диқанды көреміз.

        Ал, мерзімді басылымдарда жарияланған әңгімелер шоғыры – кезінде оқырманның ыстық ықыласына бөленген дүниелер.

 

 

84(5Қаз)-5

Н65     Ниязбек, Р.

            Арғымақтар даласы [Мәтін]: Өлеңдер мен поэмалар / Р. Ниязбек; Ред.: Д.Байтұрсынұлы.- Алматы: Дәуір, 2019.- 382(2)б.

         

               Бұл кітабына мерейі үстем Тәуелсіз мемлекетіміздің болашаққа бет түзеген көрікті көші, сән- салтанаты, елдік пен ерлік қаситеі және адамдар арасындағы қарым- қатынас шынайы суреттелген.

       Ақынның бұл кітабы сонымен бірге дүбірлі дүние қозғалысын, қоғам қайшылығын, тіршілік татысын, идея шарпысуын тартымды жырлауымен де ерекшеленеді. Оның ел, жер жайлы толғаныстары, тәуелсіздік жайлы, болашақ жайлы тебіреністері жүрек толқытады.

 

 

 

83.3(0)

К31     Кеңшілікұлы, А.

            Әлем әдебиетінің әңгімелері [Мәтін]: Зерттеулер, эсселер, сұхбаттар / А. Кеңшілікұлы; Ред.: Ғ.Жандыбай.- Алматы: Дәуір, 2019.- 372(4)б.

 

             Амангелді Кеңшілікұлныңы жаңа кітабы екі бөлімнен тұрады. «Мәңгілікпен үндесу» деп аталатын алғашқы бөлімінде аса көрнекті жазушы Герольд Бельгер мен белгілі әдебиеттанушы, мемлекет және қоғам қайтраткері Мұхтар Құл-Мұхаммедтің арасындағы риясыз достығы тілге тиек етіледі.  Көлемді зерттеуде нақты деректер негізінде екі ірі тұлғаның шығармашылық және адамдық келбеті жан- жақты ашыла түскен. Кітаптың екінші бөлімінде Руми, Гоголь, Кафка, Булгаков, Акутагава, Кавабата, Мисима және тағы да басқа әлем мойындаған суреткерлер туралы эсселер мен жаһандық қаламгерлердің шығармашылығын талдаған сұхбаттары берілген.

 

 

84(5Қаз)

Ж21    Жақып, Б.

            Желбіреп тұрған Көк Туым - биік тұғырым [Мәтін]: Өлеңдер, поэмалар / Б. Жақып; Тех. ред.: С.Ақылов.- Алматы: Полиграфкомбинат, 2019.- 238(2)б.

          Бұл кітабына атамекен, туған жер, өскен орта туралы отансүгіштін тақырыбына жазылған жырлары топтастырыл отыр.

 

 

84(5Каз)-44

К21     Карашин Б., Улдуз А.

            Казнь Махамбета [Текст]: Роман / Улдуз А. Карашин Б.; Отв. за вып.: К.Жылкышиев.- Атырау: Ағатай, 2019.- 332(2)с.

           Последнее крупное восстание номадов за свой жизненный уклад –против последнего хана- чингизида, за которым вся мощь двуглавой имперской политики, с ее интригами, манипуляциями религией, и безжалостным принципом «Разделяй и властвуй!». Начало взлета последнего хана казахской орды, пытавшейся за малые годы преодолевать вековые расколы. Последние шаманы Неба-Тенгри, гибнущие от непризнания своим же народом...

            Первый роман, в котором авторы пытаются открыто и жестко ответить на вопрос: почему они стали последними? И кто был истинным палачом для благих намерений последних героев последней Орды.

 

 

 

84(5Қаз)-44

Ж60    Жиенбай, Қ.

            Күздің жылы жаңбыры [Мәтін]: Әңгімелер, хикаяттар / Қ. Жиенбай; Ред.: Е.Амантаев.- Алматы: Дәуір, 2019.- 365(3) бет

 

84(5Қаз)-5

Ш33   Шаяхмет, А.

            Сенім [Мәтін]: Өлеңдер / А. Шаяхмет; Ред.: М.Ақсанов, Ш.Жеңісқызы.- Алматы: Алматы-Болашақ, 2019.- 430(2)б.

             Жыр жинағы төрт бөлімнен тұрады. Өмір, табиғат, махаббат туралы жырлардың барлығының да алтын өзегі достарға, туған жер перзенттеріне деген сенім, адал жарға, келешекке деген сенім. Кітаптың «Сенім» деп аталуы да соңдықтан.

 

 

 

 

 

84(5Қаз)-44

Ә55     Әлімжан, Е.

            Анажар [Мәтін]: Роман / Е. Әлімжан; Ред.: Ғ.Жандыбаев.- Алматы: Дәуір, 2019.- 285(3)б.

4(5Қаз)-44

 

 

84(5Қ)-5

Ж 26             Жақып Б.

       Желбіреп тұрған Көк туым – биік тұғырым. Өлеңдер, поэмалар.- Алматы: SUNSHINE, 2019.- 240 бет

           

         Бұл кітабына атамекен, туған жер, өскен орта туралы отансүгіштін тақырыбына жазылған жырлары топтастырыл отыр.

         Кітап көпшілік оқырмандарға арналған.

 

 

84(5Қаз)-5

Ө76     Өтегенов, А.

            Шерқала [Мәтін]: Өлеңдер, балладалар, поэмалар / А. Өтегенов; Ред.: Б.Такежанова.- Алматы: Дәуір, 2019.- 199(1)б.

    

           Римнің алып пантеондарын еске түсіретін, Маңғыстау өлкесінің шежіре тарихында, Шеркала тауының аңыз –әфсаналарына терең үңіле білген Айтуар Өтегенов өлеңдерімен, балладаларымен және әңгімелерімен өз оқырмандарын еріксіз елең еткізіп, зор сүйіспеншілігіне бөлінген ақын.

 

 

84(5Каз)-5

У58     Унгарсынова, Ф.

            Полдневный жар [Текст]: Стихотворения и поэмы / Ф. Унгарсынова; Пер. с каз.: Т.Фроловской.- Алматы: Сардар, 2019.- 527(1)с.

            Народный писатель Фариза Унгарсынова писала о любви и дружбе, об истории своего народа. В творчестве поэтессы соединились многовековая национальная культурная традиция и современные поэтические открытия. Ее стихи экспрессивны, эмоциональны и живописны. Лирический герой ее многогранен. Читатель услышит многие голоса, противостоящие или согласные друг с другом, потому что традиция поэтических состязаний, импровизаций, схваток на различных поприщах – ключ к разгадке ее магически завораживающих слов.  

 

 

 

84(5Қаз)-5

Т 50          Тойбек Ж.

          Кеудеме көкала үйрек келіп қонса...-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019.- 86 бет

          Белгілі ақын , журналист Ж. Тойбектің бұл кітабына жүректен шыққан жырлары топтасырылған.

 

 

 

85.37(5Каз)

К90     Кулбаев, А.

            Легенда степей [Текст]: Сценарий полнометражного игрового фильма / А. Кулбаев; Гл.ред.: А.Булгаков.- Алматы: Алматы-Болашақ, 2019.- 95(1)с.

             

           Сценарий посвящен ряду эпизов из жизни прославленного казахского батыра, талантливого полководца и стратега Карасай Алтынайулы более известного как Карасай батыр.

 

 

Абай (Ибраһим Құнанбаев)

            Шығармалары. – Алматы: “Жібек жолы” баспа үйі, 2019. – 488 бет.

               Қазақстан Республикасының Президенті                     Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен 2020 жыл ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы боп жарияланды. Осыған орай ақынның сөзін ардақ тұтатын оқырмандарға өлеңдері, поэмалары, аудармалары және қара сөздері қамтылған шығармалар жинағы ұсынылып отыр. Абай шығармаларының біржола орныққан, тұрақты (канондық) мәтінін жариялау ісін Мұхтар Әуезов жүзеге асырған еді. Жалпы редакциясын М.Әуезов басқарған бұл басылым 1957 жылы Қазақтың көркем әдебиет баспасынан жарық көрген болатын. Қолдарыңыздағы кітап сол басылымның негізінде дайындалды.

 

 

Ахмадиев Ж.

            Қазымбет қазы: тарихи әдебиет. – Алматы: Алматы-Болашақ, 2019. – 352 бет.

 

           Бұл еңбегі автордың оныншы романы. Аталған романда қазақ хандығының жоңғар-ойрат үстемдігіне қарсы аттанған ұлы жорықтары суреттеледі. Кітаптың бас кейіпкері Қазымбет қазының жалпы адами парасат болмысы, оның шешендік келбеті кеңінен ашылады. Сондай-ақ, Төле би, Айтеке, қаз дауысты Қазыбек билердің және Бұхар жырау, Әнет бабалардай абыздарымыздың дана-бітім тумыстары, олардың қазақ дәстүріне салған үлгі жолдары баяндалады. Сол сияқты қазақтың маңдайына біткен біртуар ханы Абылайдың ел бастаған күрес жолы тараудан тарауға өткен сайын ашыла түседі.

            Кітаптың тілі сол замандағы қазы-би, хандардың өзіне тән афоризмдік бейнелі тіркестерімен, шешендік үлгімен берілген.

 

 

Әбдірайым Т.

            Тағдыр сыйы: Әңгімелер, хикаяттар, эсселер. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2019. – 304 бет.

 

            Белгілі жазушы Толымбек Әбдірайымның бұл кітабына бүгінгі замандастарымыздың тағдыр-талайын, тыныс-тіршілігін арқау еткен бір топ әңгімелері, “Жұдырық”, “Оралу” хикаяттары және эсселері енген.

            Толымбек Әбдірайым шығармаларының әдетте оқиғасы қызықты және айтар ойы анық болып келеді. Көзі қарақты, көкірегі ояу оқырмандарымыздың жан дүниесін толғандырып жүрген көкейтесті мәселелерді қопара қозғап, ұтымды да ұрымтал деталь, диалогтар арқылы ойға жетелеуімен құнды.

            “Жұдырық” хикаятында туған жерін аңсап, тағдыр теперішін көрген, абақтыдан қашқан Тәкен тағдыры суреттелсе, “Оралу” повесіндегі Мейірбектің бір жыл ішіндегі басынан кешкен қилы-қилы өмірі әдемі өріледі. Әдеби эсселері де өзінің шынайылығымен, сыршылдығымен адам жанын баурайтыны анық.

            Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

Байхонов С.

            Алтай асу: Этно-роман. – Алматы: “Алматы-Болашақ” АҚ, 2019. – 544 бет.

 

              “Алтай асу” деп аталатын деректі-көркем этнографиялық романға аты әйгілі жиһанкез ғалым Николай Михайлович Пржевальскийдің 1879-1880 жылдары Төр Алтайдағы Зайсан қаласынан басталған Үшінші Тибет сапары кезіндегі жолбасшысы Алдиярұлы Мырзаш батыр екеуі бастан өткерген қызғылықты оқиғалар арқау болған.

            Аты-жөні, суреті КСРО заманында “Қазақстан тарихы” оқулығына енген Пржевальский – аңыз адам. Ал оның жеке басына қатысты тарихи фактілер жоқтың қасы. Өйткені, ол – барлаушы. Жер бетіндегі көптеген саяхатшылар секілді кәдімгі  барлаушы. Осыны бүгінгі оқырман біле ме?

            Кезінде дүние жүзі мойындаған жаңалықтар ашқан ғалымды бүгінде көп адам жабайы түйе мен “Пржевальский жылқысын” ашқан адам ретінде таниды. Сол баяғы “Қазақстан тарихы” оқулығына енген түйе мен жылқы. Ол қандай  түйе?..  Қандай  жылқы?..

            Аты-жөні мен суреті “Қазақстан тарихы” оқулығына енген Мырзаш батыр да аңыз адам. Осы екі аңыз адам аңызға  бергісіз  түйе мен жабайы жылқыны  іздеп, аңыз өлке Тибетке сапар шегуі оқырман қауымды бей-жай қалдырмайды деп ойлаймыз.

           

 

 

             Барлыбек Сырттанұлы (1866-1914): Өмірі мен шығармашылығы / Құраст.: Е.Тоқтарбай. – Нұр-Сұлтан: “Алашорда” Қоғамдық қоры, 2019. – 248 б.

 

          Жинақ Алаш ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті өкілі, саяси қайраткер Барлыбек Сырттанұлының ғұмырнамасына арналған. Жинаққа қайраткердің өмір жолы мен қоғамдық-саяси қызметіне, шығармашылығына қатысты архивтік құжаттар мен материалдар топтастырылып отыр.

            Алаш тарихы мен мұрасына қызығатын оқырман қауымға арналады.

             

 

 

Бәмішұлы Б.

            Сөз мәйегі. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2019. – 312 б.

          Бұл кітабына Еліміз Тәуелсіздігін алғаннан кейінгі жылдарда жазылған шығармалары енген.

            Б.Бәмішұлы туындыларына негізінен ұлт пен ұлыс тұтастығы, ел мен жер бірлігі, ұлағатты дәстүр, рухани байлық, тіл мен діл мәселелерін арқау етеді. Зұлмат замандарда тағдыр тәлкегі салдарынан атамекенінен ажырап, жер шарына тарыдай шашыраған қандастарымыздың тағдыр-талайы туралы толғаныстары да тартымды. Ел мен жер үшін ұлт мүддесі жолында күрескен қайраткерлердің өнегелі өмірі де ешкімді бейжай қалдырмайды. Тарихи танымдық мақалаларының да оқырман сұранысына сай, дерек-дәйегі көп, тағылымдық мәні зор.

            Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

Боранбаев Ж.

            Тума талант – Саттар Ерубаев: тарихи-танымдық басы. – Алматы: “Білім” баспасы, 2019.                      – 232 б.

 

          Бұл кітапта өмірге деген құштарлығын баса алмай, қазақ қоғамына жас жанының өксігі мен өкінішін мәңгілікке аманаттап, қыршын кеткен аса дарынды перзенті – Саттар Ерубаевтың туған жері, ата-тегі, балалық шағы, өмір жолындағы ізденістері сияқты тартысқа толы қысқа ғұмыры туралы баяндалады.

 

 

Дәуітов С.

            Ғибратнама: Алматы: “Алатау” баспасы, 2019. – 352 бет.

 

             Филология ғылымдарының докторы, Д.А.Қонаев атындағы заң академиясының профессоры                            Сәрсенбі Дәуітовтың бұл еңбегі айырықша тақырыпты қозғайды. Ғибратнама – бұл ескіден қалған дана сөз, бабалар сөзі, ғұламалар сөзі. Сондықтан да автордың ұзақ жылдар бойы жинаған бұл еңбегі қазақ оқырмандары үшін ерекше орны бөлек дүние болары сөзсіз.

 

 

Жұртбай Т.

            Жолы болған жолаушы: Ғылыми экспедициялардың күнделіктері. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2019. – 352 бет.

             Қазақстан Педагогика ғылымдары академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайдың “Күнделіктері” -  күнінің қалай өткенін есте қалдыру үшін емес, көргенін – көңіліне түйіп, соны өз елінің өмірімен, тарихымен салыстырып, пікір қорыту үшін жазылған. Тектік тамырлар суыртпақталатын терең әсерлер, тосын көзқарастар, ой орамдары, біз білмейтін не түсіне бермейтін ғылыми ныспылар мен тұспалдар, сирек деректер көпшілік қауымның ынталы ықыласын оятары кәміл.

            Жинақ әдебиетшілер мен тарихшылардың, мәдениеттанушылар мен саясаттанушылардың, ғылыми көпшіліктің, жалпы зиялы оқырман қауымның назарын аударатыны сөзсіз.

           

 

 

            Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері / Құрастырушылар Н.А.Ештаева, Б.М.Адамбекова, Б.А.Атабай, З.Е.Искакова, Н.Абдырақын, Ә.Анипина. – Алматы: “Сөздік-Словарь” ЖШС, 2019. – 672 бет.

 

           Бұл мақал-мәтелдер жинағына батыс және шығыс халықтары мен қазақтың таңдаулы мақал-мәтелдері мен нақыл сөздері енгізілді.

            Қазақ, ағылшын, француз, испан, неміс, орыс, түрік, корей, жапон, араб, парсы, хинди, қытай халықтарының қырағы көзі, сезімтал жүрегі, кемеңгер ойынан туындаған асыл сөздері оқырмандарға баламаларымен қатар, кейбір мақалдардың аудармасы ұсынылып отыр.

 

 

Қожахметов Қ.

            Қаламгер әулеті. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2019. – 72 бет.

 

         “Қаламгер әулеті” атты бұл кітапты бір әулеттің ғұмырнамалық дерегі деп қана қарастырмау керек. Мұнда сол кездегі ауыл өмірі мен барлық ауыл адамдарының мінездері жатыр.

            Бір әулеттің өмірінде үлгі де, өнеге де жетерлік. Сондықтан да бұл кітап әркімді қызықтыра түсетіні анық. Ал, Қапез Қожахметов болса, көп ізденіп, мол дүниені шашау шығармай және де соны көпшіліктің назарына орынды ұсынып отыр.

 

 

Қорғасбек Ж.

            Мехнат һәм Хикмет. – Алматы: “Алматы болашақ” АҚ, 2019. – 592 б.

          

             Хикметтің бір мағынасы ғаламның сырын түсіну болса, оған жазушылардың бір табан жақын болғаны хақ. Ал жазудың мехнаты бір Аллаға аян нәрсе, әрине, азабын бастан өткерген адам біледі. Жүсіпбек Қорғасбектің сұхбаттары осы мехнатты жұмыстың қыры мен сырын ашуға арналған. Қазақтың сөзін ұстаған қауымның тағдыр-талайы қоса қамтылған кітап көпшілік қауымның қызығушылығын тудырар деп үміттенеміз.

           

 

 

Майбас Т.

            Мыңқыш: Хикаяттар мен әңгімелер. – Алматы: “Алматы-Болашақ”, 2019. – 288 бет.

 

           Жазушы Төрехан Майбастың бұл кітабына бірқатар қысқа хикаяттары мен әңгімелері еніп отыр.

            Ұлттық қанық бояумен суарылған этнографиялық әңгімелер мен хикаяттардың оқырмандарына берері аз емес. Өзіндік жазу машығын қалыптастырған қаламгер өз кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін ашуда психологиялық иірімдерді шебер пайдалана біледі.

 

 

           

          Мұқағали тілі сөздігі / Б.Қалиев, Ж.Түймебаев, Ш.Құрманбайұлы, С.Искакова. – Алматы: Керемет медиа, 2019. – 1064 бет.

 

              Сөздікте Мұқағали Мақатаевтың   5 томдық шығармалар жинағында бар 13348 сөз бен 5035 тұрақты тіркес түгел қамтылып, олардың қайталанып қолданылған саны (282 мың) көрсетілген.

           

 

 

             Найзағайлы жылдар жаңғырығы: Қазіргі моңғол жазушыларының таңдаулы прозасы / Моңғол тілінен аударған: Қуандық Шамахайұлы. – Тараз: “Сенім” ЖБО, 2019. – 288 бет.

               Жинақта моңғол жазушыларының шығармалары түп нұсқадан тікелей тәржімаланған түрінде тұңғыш рет ұсынылып отыр. Олай деуіміздің себебі, кеңес тұсында моңғол жазушыларының туындылары орыс тілі арқылы ғана қазақшаға бірер рет аударылғаны болмаса, киіз туырлықты осы ағайындарымыздың төл әдебиетімен қазақ оқырман қауымы етене таныс емес.

            Мұнда енгізілген саны жиырмадан ғана асатын прозалық туынды елдің бүкіл әдебиетінің бет-бейнесін толық айғақтамаса да, түбі бір, сана-сезімі ұқсас қазақ оқырмандарын баурап аларына, жүректерінен жол табарына сенімдіміз.

            Аударманың тілі шұрайлы, әрі тартымды.

 

 

 

Нұрғали О.

            Аппақ бұлт. – Алматы: “Алматы-Болашақ” АҚ, 2019. – 176 бет.

 

              Белгілі жазушы Нұрғали Ораздың бұл кітабында өмірдің үзік-үзік өзекті көріністері әсерлі де, әдемі суреттеледі.

            Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған.

 

 

Рәш М.

            Есімде есілген естеліктер...: Эсселер. – Алматы: “Алаш” баспасы, 2019. – 480 б.

 

               Сатирик жазушы Мыңбай Рәш бұл кітабында өткен ғасырдың 1943 жылдың күзінде, сұрапыл соғыс жүріп жатқанда,  Алматы қаласында өткен Қазақстан ақындарының айтысын ашқан жыр алыбы Жамбылды 14 жасында көзімен көрген хақында, одан бері қарайғы мезгілді қамтитын еліміздің аса көрнекті қаламгерлері мен өнер майталмандары жөнінде сыр шертеді.

            Автор көзі көріп, сөзін естіген қайсы біреулерімен қызметтес болып, бірге жүріп, біте қайнасқан шақтарын қызықты етіп әңімелейді.

            Қалың көпшілікке арналған естеліктер топтамалары оқырмандарын бейжай қалдырмас деген ойдамыз.

 

 

Саржанов Қ.

            Аралдың айтылмаған ақиқаты. – Алматы: “Қазықұрт” баспасы, 2019. – 672 б.

                 

                  Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері, Қызылорда облысының және Арал ауданының Құрметті азаматы Құдайберген Саржанов – саналы ғұмырын өзі туып өскен Арал ауданының тағдырымен байланыстырып, туған жері үшін жан аямай тер төккен қаһарман тұлғалардың бірі. Ол Арал өңірі тұрғындарының әлеуметтік тұрмыс жағдайының жыл өткен сайын жақсара түсуіне өзінің әл-дәрмені, күш-қуаты жеткенше үлес қосты. Қазақ КСР-і Балық шаруашылығы министрлігін он жыл бойы басқарған мемлекет және қоғам қайраткері ретінде Арал жағасындағы, Сыр бойындағы елді мекендердің көркейіп өсуіне орасан ықал еткен оның есімі ел ішінде үлкен ілтипатпен, шынайы құрметпен аталады.

            “Аралдың айтылмаған ақиқаты” атты бұл кітапта автордың өзі өмір және еңбек жолында етене жақын араласқан Арал балықшыларының тағдыры бейнеленеді.

 

 

Саржанов Қ.

            Толқынмен алысқан, балықшылар - арыстан. – Алматы: “Қазықұрт” баспасы, 2019. – 640 б.

 

                  Қоғам және мемлекет қайраткері Құдайберген Саржановтың бұл кітабына күн демей, түн демей асау толқындармен алыса жүріп, елдің игілігін арттыруға өмірін бағыштаған балықшы қауымның ауыр еңбегі мен күрделі тағдыры арқау болған. Қандай қиын күн туса да болашаққа сеніммен қарап, бел жазбай еңбек етіп, тәрбиелі ұрпақ өсірген Арал балықшыларының тағдыры баяндалған бұл еңбекті – балықшылар өмірінің шежіресі деп атауға да болады. Автордың ондаған жылдар бойы асқан ыждаһаттылықпен жинаған нақты деректері негізінде жазылған бұл кітап – келешек ұрпақ үшін, әсіресе Арал өңірінің халқы үшін аса маңызды тарихи туынды ретінде бағаланады.

           

             

 

 

Тоқтарбай Е.

            Жарық сәуле: Әдеби зерттеулер мен толғаныстар. – Алматы: ЖШС РПБК “Дәуір”, 2019. – 352 б.

                 Еліміз тәуелсіздігін алған жылдары дүниеге келген, қазіргі уақытта көпшілікке мерзімді басылымдар арқылы танылып қалған жас жазушы, зерттеуші Елдос Тоқтарбайдың оқырман назарына “Жарық сәуле” әдеби зерттеулер мен толғаныстар кітабы ұсынылып отыр.

            Зерттеуші, әдебиет сыншысының әдеби зерттеулері мен мақалалары топтастырылған бұл кітабында тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің жай-күйі, даму барысы, зерттелуі, Алаш қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы, қоғамдық-саяси қызметі туралы сөз қозғайды.

            Кітап көпшілік оқырманға арналған.

             

 

 

Төлебаев М.

            Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары / Құраст.: Ә.Д.Алпысбаев, М.Е.Егінбаев, Б.А.Мұстафин.  – Алматы: “Алматы-Болашақ” АҚ, 2019. – 600 бет.

               

                    Бұл кітап, негізінен Қазақстан Республикасындағы  мемлекет тарапынан құрылған 18 кәсіби және 60-қа жуық қажеттілікпен құрылған халық аспаптар оркестрлерінің репертуарларына пайдалану мақсатында ұсынылып отыр. Ол сондай-ақ, Мұқан Төлебаевтың 34 шығармасы халық аспаптар ансамбльдерінің қолдануларына, арнаулы оқу орындарының музыка мамандарына, дирижерларға, жалпы әнсүйер қауымға арналады.