Жалпы ережелер

1.1.Кітапхананы пайдалану ережесі ҚР Конституциясы, «ҚР Мәдениет туралы» заңы, ҚР мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің «Қазақстан Республикасындағы кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ереже» (2002 ж. 8.05.№118 бұйрық) және «№1 ОКЖ» мемлекеттік мекемесі Ережесі негізінде әзірленді.

1.2  Кітапхана кітап қорындағы кітаптарды және   басқа басылымдарды қоғамдық   пайдалануды ұйымдастырушы мәдени, ақпараттық мекеме болып табылады.

1.3.Кітапхана қоры - Қазақстан Республикасының біріккен кітапхана қорының негізгі бөлігі және мемлекеттің меншігі болып табылады.

1.4. Кітапхана қызметін пайдалану мекеме, кәсіпорын, ұйым және 16 жастан асқан әрбір азаматтарға, мектепке дейінгі және мектеп оқушыларына, т.б. тиесілі.

1.5. Кітапхана қызметін пайдалану – ақысыз

 

2 Пайдаланушылар құқығы:

- Кітапхананың оқу залы көрсететін ақпараттық көмекті қолдану мен баспа туындыларын уақытша пайдалану, сондай-ақ басқа кітапханалардан кітапханааралық абонемент бойынша пайдалану (тұтынушы есебінен);

- Кітапханада көрсетілетін анықтама – библиографиялық және ақпараттық қызмет көрсету мен басқа да ақысыз қызмет түрлерін пайдалану;

- Кітапханада өткізілетін барлық іс-шараларға қатысу.

 

2.1 Кітапханаға жазылу тәртібі:

- Тұтынушы кітапханаға жазылу үшін жеке куәлігін, ол болмаған жағдайда жұмыс не оқу орнынан, не тұрғылықты жерінен анықтама құжатты ұсынады.

- Жергілікті тіркеуде жоқ азаматтар тек қана оқу залында жұмыс істейді.

- Кітапханаға жазылар алдында оқырман, кітапхана ережесімен танысып, оларды орындайтындығын оқырман формулярына қол қою арқылы растайды.

 

2.2. Оқырмандарға рұқсат етілмейді:

-    Кітапхана ішінде шылым шегуге, дауыстап сөйлеуге, күлуге және т.б.

 

2.3. Оқырмандар жауапты:

- Кітап қорына зиян келтірген азаматтар ҚР «ҚР Мәдениет туралы» заңына және осы Ережеге сәйкес кітапхана алдында жауап береді.

- Оқырман тарапынан кітапхана қорындағы баспа шығармаларына зиян келтірілсе немесе жоғалса, сол немесе ұқсас басылыммен ауыстырады.

 

3. Кітапхана міндеті:

- Оқырмандарға кітапхана қызметін пайдалануға ыңғайлы жағдай жасауға.

- Оқырман сұраған деректер жоқ болса, кітапханааралық абонементпен сұраныс жасау.

- Оқырмандарға берілген басылымдарды уақытылы кітапханаға қайтаруды бақылау.

- Сұранысы жоғары басылымдарды пайдалануға беру мерзімін қысқарту.

- Бұрын берілген мерзімі аяқталған басылымдарды алған соң ғана келесі басқа басылымдарды үйге беруге болады.

- Оқырмандарға басылымның пайдалану мерзімі аяқталған он күннің ішінде қайтаруын немесе мерзімін ұзартуын еске түсіру. Егер осы айтылған мерзім ішінде басылым қайтарылмаса, оқырманға талап ету хатын жіберу немесе телефон арқылы ескерту.

- Кітапхана оқу орындары, мектеп, жекеленген мекеме мен ұйымдармен кітапханалық қызмет көрсету бойынша келісім шарт жасайды және алдын-ала берілген мекеме, кәсіпорын, оқу орындарының тапсырысы бойынша топтық экскурсия өткізеді.