10.06.2021
Білімді ұрпақ – егеменді елдің берік тірегі. Біз білімді ұрпақ, білімді тұлға дегенде рухани жан дүниесі бай, білім мен біліктілігі жоғары, талап-талғамы терең, салауатты өмір салтын дұрыс қалыптастырған тұлғаны айтамыз. Түбегейлі өзгерістерге бет бұрған жаңа қоғамда тек білімді болу, жеткіліксіз, сондықтан әрбір жеке тұлғаның бойында адамгершілік, ізгілік, кішіпейілділік, қайырымдылық, батырлық, отансүйгіштік, тағы басқа қасиеттер болу керек. Кітапханалар сол оқу орындарындағы білімге ұмтылатын жас ұрпақтың, сондай-ақ ұстаздардың табылар жері. №4 жылжымалы кітапхана "Кітап оқы, жас ұрпақ!" атты кітапханалық дайджест ұсынды.