10.06.2021
Адамзат өркениетінің бүгінгі халге жетуіне кітаптың сіңірген еңбегі орасан зор екендігі ақиқат. Өйткені бүкіл әдебиет пен өнердің әсем жауһарлары да, ғылым мен білімнің ғажайып інжу-маржаны да сол кітапта. Әрбір кітап шығарма авторының ақыл-ойын айна-қатесіз ұрпақтан-ұрпаққа жеткізерлік құдіретті күшке ие. Кітап сонысымен қастерлі. №10 кітапханасы «Кітап деген ғажайып әлем» атты кітапханалық сағат ұсынады. Кітапханалық сағатқа кітапханамыздың тұрақты оқырманы Байтелисова Анель кітап туралы өз ойын ортаға салып, оқырмандарды кітап оқуға шақырады.