08.06.2021
Атырау қалалық орталық кітапханасы, оқырман қамту бөлімі қазақ әдебиетіне өткен ғасырдың 70 жылдарында келіп қосылған, «Қазақ әйелдерінің академигі» атанған Шәрбану Құмарованың шығармашылығына арналған «Сырлы сөздің құдіреті» атты библиостудиясын оқырман назарларына ұсынады.
Жанұя жылулығын бірінші кезекке қоятын қазақ әйелдерінің тағдырлары да әртүрлі. Әрқайсысының өз мұңы, өз сыры бар. Бейне бір бәрі бір-бір шығарма сұрап тұрғандай. Жазушы солардың тұрған ортасы мен қарым-қатынастары, тіршілігі негізінде шын бейнесін танытуға, өмір туралы түсінігін ашуға ұмтылады. Журналистік қызметте жүріп өмір таныған Шәрбанудың шындықты терең түсінуі мен адамдарды тануы оның жазушылық қаламына жел бергені оның шығармашылығынан анық байқалады.