08.06.2021

Еркінқала ауылдық  кітапханасында «Кітаппен бірге өсеміз» атты іс-шара өткізілді. Шараның мақсаты: Бүлдіршіндерді кітапханамен таныстыру, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру.

Кітапханада жазғы демалыс уақытында ауыл бүлдіршіндері үшін оқитын орталық қана емес, сонымен қатар шығармашыл топтардың демалыс және  басқосу орны болып отыр. Кітапхана кішкентайдан кітап оқуға үйрететін «Кітаппен бірге өсеміз!»  жобасы және «Кітаппен өткен жаз қызық» жазғы оқу бағдарламасы аясында жұмыс жүргізіп келеді.

«Кітаппен бірге өсеміз» айдарымен «Балалық балғын жүректен» атты мәнерлеп оқу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға Еркінқала орта мектебінің бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшісі Жексемелиева Айгерім Ғилажқызы қатысты. Мәнерлеп оқу шарасы барысында бүлдіршіндер қазақ балалар ақындарының өлеңдерін жатқа оқыды. Кітапханашы балғындарға кітапхана жайында айтты. Кітапхана балаларға өмірде сенімді дос табуға, мейірімді жолдас табуға үлкен септігін тигізетіндігі туралы айтып өтті. «Ертегі – рухани қазына» көрме-инсталляциясымен таныстырды. Көрмеге қазақ ақындарының балаларға арналған шығармалары, ертегі кітаптары қойылды. Кішкентай оқырмандарымыз «Шалқан», «Қызыл телпек», «Үйшік» «Бауырсақ», «Қасқыр мен жеті лақ»және т.б. ертегілерін кітапханашымен бірге  қуанып оқып, іс-шара соңында олардың әрқайсысында ертегілерге байланысты сұрақтар берілген, балалар өздеріне  берілген сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар балалар «Санамақ», «Ертегі кейіпкерін тап», «Қарап ал да, тауып ал» ойындарын ойнады. Кітап бақшасында орналасқан кітаптар балаларға ұнады.