Кітапхана құрылымы:

 

  1. Кітапхананы дамыту, әдістемелік жұмыс бөлімі
  2. Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі
  3. Кітап қорын толықтыру және құжаттарды өңдеу бөлімі
  4. Бірыңғай қорды ұйымдастыру және пайдалану бөлімі
  5. Оқырмандарды қамту бөлімі

 

 

Кітапхана бөлімдері мен қызметі

 

Кітапхананы дамыту, әдістемелік жұмыс бөлімі

 

Жүйеге  қарасты 27  кітапхананың жұмысын үйлестіріп, бағыт-бағдар беріп отыратын бөлім. Қала кітапханаларының сандық және жазбаша есептері осында қабылданып, талдау жасалады. ҚР Ұлттық Академиялық және облыстық Ғ.Сланов атындағы ғылыми әмбебап кітапханасынан  түскен қызметтік хаттар, түрлі семинарларға шақыртулар, сайыстарға қатысу жөніндегі хабарламалар осы бөлім арқылы кітапхана бөлімшелеріне жеткізіледі. Кәсіби білім жетілдіру курстары, жас кітапханашыларға арналған кітапханалық сабақтарды бөлім қызметкерлері жүргізеді.

Бөлім қызметкерлері кітапханалардың кәсіби білімін одан әрі жетілдіруде, біліктілігін арттыру бағытында кітапхана ісінің мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, іскерлік ойындар, іс-тәжрибелік семинар кеңестер, кәсіби-шеберлік байқаулар ұйымдастырады. Іс-сапарларға шығып, жүйеге қарасты кітапханаларға әдістемелік көмек көрсетіп, кеңестер, нұсқаулар береді.

Кітапханаларда өткізілген көпшілік шаралардың өткізілу жоспарларына  талдау жасалып, клубтар мен үйірмелер бойынша жүргізілген шараларға бағыт-бағдар беріп отырады.

 

Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі

 

Библиографиялық қызметтің негізгі бағыттары:

  • Анықтамалық-библиографиялық аппаратын жетілдіру;
  • Анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсету;
  • Хабарлама-библиографиялық қызмет көрсету;
  • Библиографиялық қызметінің өлкетану жұмыстары;
  • Баспалық қызмет;
  • Библиографиялық білімді насихаттау;
  • Кітапханалардың библиографиялық қызметіне әдістемелік көмек көрсету.

 

Кітапханада жыл сайын «Аталып өтетін және еске алынатын күндер тізбегі», «Мерзімді басылымдар» хабарлама бюллетені, тоқсан сайын «Жаңа әдебиеттер» хабарлама бетшесі шығарылып тұрады. Жеке тақырыптар бойынша және ақын-жазушылар мен мемлекет қайраткерлерінің  мерейтойларына арнап библиографиялық көрсеткіштер, тізімдер әзірленеді.

2008 жылдан бастап кітапханада кітапхана үрдістерін автоматтандыру жұмысы басталды. Кітапхана қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа үйрету жұмыстарын қолға алған осы бөлім қызметкерлері болды. 2008 жылы Республикалық автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйе – РАБИС бағдарламасы сатып алынып, әдістемелік-библиографиялық, кітап қорын толықтыру бөлімдеріне  орналастырылды. Осыдан бастап электронды каталог құру басталды. Бұл ЭК-ты жүргізуге орталық кітапхананың бөлім меңгерушілері кірісті. 2015 жылдан бері КАБИС бағдарламасы сатып алынып, электронды каталогтың жұмысы өз жалғасын табуда. Электронды каталог кітапхананың автоматтандыру жұмысы барысындағы алғашқы нәтижесі болды. Ол қолданыстағы дәстүрлі каталогтармен қатар жүрді.

2019 жылы кітапханаға интеллектуалдық ақпаратқа қолжетімділіктің инновациялық түрлерін дамыту мақсатында Қазақ Ұлттық Электронды кітапханасының қорын ұлғайтуға үлес қосу үшін, кітапхана қорындағы сирек басылымдар, өлкетану саласындағы кітаптарды сандық форматқа көшіруді өз кітапханамызда іске асыру үшін Техно-Скан «Оптима А2» сканері сатып алынды. Сканер көмегімен осы жылдан бастап ақпараттық- библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі  кітаптарды сканерлейміз және оларды электронды форматқа аударады.

 

Кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімі.

 

1980 жылы жүйе құрылғаннан бері кітапхана бөлімшелерін кітаппен қамтып келе жатқан кітапхана бөлімі.

Бөлім жаңа түскен әдебиеттерді кітапханалық, библиографиялық жіктеуден өткізіп, кітап қоры туралы оқырманға мағлұмат беретін жол көрсеткіш каталогтарды құрастырады. «КАБИС» бағдарламасы бойынша жүйелі-алфавиттік каталогке, жаңадан келген кітаптарға сипаттама жазылып  енгізу, кітап қорының есебін жүргізу, мерзімді басылымдарға жазылу, кітап қорын басқару, тексеру, кітапхана бөлімшелеріне берілетін кітаптарды іріктеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіледі. Кітап қоры облыстық Ғ.Сланов атындағы кітапхана, «Кітапханаға кітап сыйлайық»  атты акциясы, мерзімді басылымдарға жазылу арқылы толықтырылып келеді.

Бөлімде кітапхананың бас каталогі орналасқан. Каталог кітапхана қорының мазмұнын көрсетуде, оқырмандардың қажетті кітапты тез тауып алуына көмекші құрал болып табылады. Кітапхананың оқу залында оқырмандар үшін:

  • Қазақ тіліндегі алфавиттік каталог
  • Орыс тіліндегі алфавиттік каталог
  • Орыс тіліндегі кітаптардың жүйелі каталогы
  • Қазақ тіліндегі кітаптардың жүйелі каталогы орналасқан.

Қазіргі кезде бөлімде тәжірибелі мамандар жұмыс жасайды.

 

Бірыңғай кітап қорын ұйымдастыру және пайдалану бөлімі.

 

Бөлімнің негізгі жұмысы айналмалы пошталар, тақырыптық іріктеулер ұсыну арқылы орталықтандырылған кітапхана жүйесі бөлімшелерінің кітап алуын ұйымдастыру, көрмелер арқылы жаңадан түскен кітаптарды насихаттау болып табылады.

Бөлімнің көп жылғы тәжірибесінде бірыңғай қорды бұқаралық-ақпарат құралдары арқылы насихаттау жұмысы жолға қойылып, облыстық Атырау газетінде әр жылдары жаңадан шыққан кітаптарға шолу жасалып, мақалалар беріліп отырылады. Жүйе бөлімшелері оқырмандары арасында ең көп сұранысқа ие болған кітаптарды анықтауды дәстүрге енгізіп келеді. Және де кітапхана бөлімдері мен филиалдарының кітап қорын зерделеп, сұрыптауда үнемі практикалық-әдістемелік көмек көрсетеді. Бөлім қорындағы кітаптарды «КАБИС» бағдарламасы бойынша электрондық каталогқа тіркеумен айналысады.

 

 

Қалалық орталық кітапхананың оқырман қамту бөлімі

 

Оқу залы кітапхана құрылғаннан бастап жұмыс істейді. Оқу залын пайдаланушылардың қатары жыл өткен сайын көбеюде. Оқу залына қатысатын оқырмандар әр түрлі жастағы, әр түрлі топтағы адамдар: оқушылар, студенттер, мұғалімдер, зейнеткерлер, басқа да мамандық иелері. Кітап қорында энциклопедиялар, сөздіктер, жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттеріне арналған оқулықтар, гуманитарлық білім салалары бойынша әдебиеттер жинақталған. Залдың жұмысының басты бағыты «Қазақстан - 2050» стратегиясын, Ел Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды, өңірлік бағдарламаларды жүзеге асыруға арналған құжаттармен, ақпараттармен таныстыру.

Оқу залында көрнекілік насихат жұмысы – тақырыптық кітап көрмелері маңызды  орын алады.

Оқырмандар үшін Қазақстанның әлемдік қауымдастықта дербес даму жолын, төрткүл дүниеге  танылуына жеткізген ұлы күш, ғасырлар  бойы халқымыздың көкірегінен өшпеген ұлттық намыс пен азаттық рухты, бүгінгі жаңарған Қазақ елінің жетістіктерін насихаттау мақсатында  «Ұлт. Рух. Ел. Салт-сана» атты тұрақты кітап көрмесі және де өлкеміздің  тарихын, экологиясын, атақты би-шешендерін, жергілікті ақын-жазушыларын, мәдени ошақтарын т.б. насихаттауда жасақталған «Туған өлке – тұнған тарих» атты ашық кітап көрмесімен танысуға мүмкіндік бар.

Залда қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі мерзімді басылымдар оқырмандарға ұсынылады. Әр апта сайын жаңартылып тұратын «Оқыңыз! Келіңіз! Көріңіз!», «Апта жаңалықтары» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылған.

Кітап көрмелерімен қатар елімізге танымал және облыстағы ақындармен, жазушылармен, өнер адамдарымен кездесулер өтеді. Жергілікті қаламгерлер сыйға тартқан, баспалардан жаңадан шыққан кітаптардың тұсау кесерлері ұйымдастырылады. Жыл сайын Дүниежүзілік кітаптар және авторлық құқық күніне кең көлемде ашық есік күні, кітап көрмесі, кітап жәрмеңкесі, Республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы барысында жыл таңдауы туындысы бойынша  ірі  шаралар, ашық кітап көрмелері  өткізіледі.

 «Сұлу сөз» ақындар клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты – Асыл сөздің атасы «өлең» атты құдіретті дәріптеу, өлкемізге танымал, жаңадан қадам басып келе жатырған жас ақындардың шығармашылығын оқырмандарға таныстыру, қолдау көрсету.

Әр түрлі бағытта ұйымдастырылатын шараларда жастар өлеңдерін оқып, шығармаларын өзара талқылап, аға буындардан кеңес алып, әрдайым кездесіп тұруды үрдіске айналдырды. Талантты жастардың кітаптарының тұсаукесерлері, поэзия және жыр кештері мен сыр-сұхбаттар, кездесулер өтіп тұрады.

 

Абонемент бөлімі - оқырмандарға бірінші күннен бастап қызмет көрсететін бөлім. Мұнда әр ғылым салалары бойынша әдебиеттер, көркем әдебиеттер жинақталған. Кітап қоры пайдаланушылар еркін таңдау үшін, ашық жағдайда орналастырылған. Кітап қорымен, оның жаңалықтарымен таныстыру үшін «Танысыңыз жаңа кітаптар», «Мерейтой иелері», басқа да тақырыптық сөрелер, кітап көрмелері, жарнама-бетшелер, өлкемізге танымал ақындар Қ.Жүсіп, Г.Ниетқалиеваның жеке кітапханасынан кітап көрмелері  жасақталған.

 

 Қалалық  орталық  балалар  кітапханасы

 

Орталық балалар кітапханасы екі бөлімнен – оқу залы, абонемент бөлімінен  тұрады.

Оқушы ертеңгі маманның еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойындағы ұлттық намыс, отаншылдық, адамгершілік қасиеттерінің ұлғая түсуі жолында қаламыздың қилы тарихын, мәдени мұраларын әдебиет қазыналарын, тереңнен толғайтын сөз өнерін өз оқырмандарына кітап арқылы насихаттауда. Өскелең ұрпақтың назарын кітап оқуға аудару мақсатында бөлімде ақын-жазушылардың мерейтойларына, республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясына, 2 сәуір – Дүниежүзлік балалар кітабы күніне апталық, 23 сәуір – Халықаралық кітап күніне орай түрлі әдеби шаралар мен «Жыл оқырманы» бенефисін өткізу, жазғы демалыс кезінде де бөлім қызметкерлері өз оқырмандарымен «Жазғы оқу» бағдарламасы бойынша мектеп жанындағы лагерлермен  қызықты да, танымдық шаралар өткізеді.