Кушнарева Людмила Эммануиловна – 1946 жылы 24 сәуір Шығыс Қазақстан облысы Глубоковский  ауданы, Белаусов поселкесінде дүниеге келген.

1965 жылдан кітапханада еңбек еткен. Семей  кітапхана техникумын  бітірген. Гурьев қаласында №7 қалалық кітапханасында 1972 жылдан  кітапхана меңгерушісі, 1975 жылдан №1кітапхана меңгерушісі, 1980-1982 жылдар аралығында №1қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі директоры, 1982 жылдан №5 қалалық кітапхана меңгерушісі, 1992  жылдан №1қалалық орталық кітапхананың кітап қорын толықтыру бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды. 

Қала кітапханаларының орталықтандырылған жүйеге көшу  жұмыстарын ұйымдастырып,  оқырмандардың көңілінде өнегелі қызметімен сақталған ардагер кітапханашы. Бірнеше рет облыстық және қалалық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздары мен алғысына ие болған. 2008 жылы  зейнеткерлікке  шығып, осы  жылы қайтыс болды.

 

Шагиева Менжамал Искаковна – 1946 жылы 7 шілде Орал облысы Орда поселкесінде дүниеге келген.

Гурьев педагогикалық институтын 1968 жылы бітірген. Кітапхана саласында 1981-2004 жылдар аралығында  орталық  балалар кітапханасының меңгерушісі қызметін атқарған. Осы жылдар ішінде қаланың балалар кітапханаларының жұмысының өркендеуіне үлес қосқан, жас кітапханашыларға тәлімгер ұстаз.

Кітапхана саласында 23 жыл еңбек еткен ардагер бірнеше рет қалалық атқару комитеті, облыстық, қалалық мәдениет басқармасының мақтау қағаздарының , алғыс хаттарының иегері. 2005 жылы қайтыс болды.

 

Жидкова Валентина Ивановна – 1940 жылы 2 қарашада Алматы облысы, Дзержинский ауданы, Глиновка селосында дүниеге келген.

1958 жылы Лепинский кітапхана техникумы, 1968 жылы Гурьев педагогикалық институтын бітірген.

Еңбек жолын 1958 жылы Облыстық мәдениет басқармасына қарасты қалалық балалар кітапханасында, 1968 жылы №1қалалық кітапхана меңгерушісі, 1981 жылы №1қалалық кітапхананың кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Ардагер кітапханашы өзімен тұстас қызмет жасаған кітапханашыларға ұстаз, қала кітапханаларының кітап қорларын оқырмандар сұранысымен жан-жақты толықтырып, қалыптастыруға  үлес қосқан. Қала мәдениетінің өркендеуіне қосқан үлесі үшін қалалық партия комитетінің, қалалық атқару комитетінің, қалалық мәдениет бөлімінің, қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің мақтау, алғыс хаттарына ие болған. 1995 жылы зейнеткерлікке шығып,  2007 жылы қайтыс болды.

 

Демешова Ағзияш – 1937 жылы Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Тұщықұдық ауылында дүниеге келген.

1957-1958 жж. Гурьев облыстық кітапхана жанынан ашылған бір жылдық кітапханашылар курсын бітірген. Кітапхана саласында 31 жыл еңбек еткен ардагер кітапханашы облыстық, қалалық мәдениет бөлімінің, №1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі алғыс, мақтау қағаздарымен марапатталған.       

 

Шамишева Хайша – 1926 жылы Гурьев облысы Қызылқоға ауданы, Көздіқара  ауылында дүниеге келген.

1944 жылы облыстық білім беру басқармасының жанынан ашылған жеті айлық мұғалімдер курсын бітіріп,  №2 қалалық кітапханада  1974 –1981  жылдары кітапханашы қызметін атқарған. 1981 жылы 1қыркүйекте зейнеткерлікке шыққан. Оқырмандар көңілінен шыға білген ардагер кітапханашы  бірнеше алғыс хаттарға ие болған.   

 

Демешова Маруся Елемесовна – 1939 жылы 1 мамыр Астрахань облысы, Володар ауданы, Кристау селосында дүниеге келген.

1964 жылы Астрахань мәдени ағарту училищесін, 1972 жылы Гурьев педагогокалық институтын бітірген. Мәдениет саласындағы кітапханашылық қызметін 1964 жылы №3 қалалық кітапхананың оқу залы меңгерушісі қызметінен бастаған. 1977-1981 жылдар аралығында №10 қалалық кітапхана  меңгерушісі, 1987-1996 жылдарда №1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бірыңғай қор бөлімінде меңгеруші қызметін атқарған. 1996 жылдың 1 маусымынан зейнеткерлік демалыста. Ардагер кітапханашы бірнеше облыстық, қалалық мәдениет бөлімдерінің  алғыс, мақтау қағаздарымен марапатталған.

 

Мадиева Ағиба Сұлтанбекқызы – 1938 жылы 10 желтоқсанда Гурьев облысы, Новобогат ауданы, Тұщықұдық селосында дүниеге келген. Облыстық мәдениет басқармасы жанынан ашылған бір жылдық кітапханашылық  курсын 1961 жылы бітірген.

1961-1963 жж. Балықшы аудандық №4 кітапханада, 1965-1996 жж. №4қалалық кітапханасында кітапханашы қызметін атқарған. 1996 жылдың 1 маусымынан зейнеткерлік демалыста.

Көп жылдар оқырмандарға қалтықсыз қызмет көрсетуде аянбай еңбек еткен, оқырмандар көңілінен шыға білген ардагер кітапханашы. Бірнеше қалалық мәдениет бөлімінің, №1қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің алғыс, мақтау қағаздарына ие болған.

 

Кулагина Антонина Петровна – 1932 жылы 14 наурызда Гурьев облысы, Ганюшкин селосы, Денгиз районында дүниеге келген.

Гурьев педагогикалық институтын 1955 жылы бітірген. 1974-1983 жж. аралығында №1қалалық кітапхананың оқу залында кітапханашы қызметін атқарған. Көп жылдар оқырмандарға қалтықсыз қызмет көрсетуде аянбай еңбек еткен, оқырмандар көңілінен шыға білген ардагер кітапханашы. 

 

Багитов Жолдас – 1937 жылы  7 қарашада  Гурьев облысы, Махамбет ауданы Қызыл-Жұлдыз ауылында (18 ауыл) дүниеге келген. 1956 жылы орта мектепті бітіріп, еңбек жолын 1958 жылдан Талқайран, Соколок  ауылдарының селолық кітапханасынан бастаған. 1992 жылы сырттай Атырау мәдени-ағарту училищесін бітірген.

1983-1999 жж. аралығында №1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің №12 кітапханасында меңгеруші қызметін атқарған. Оқырмандардың көңілінде өнегелі қызметімен сақталған ардагер кітапханашы. Бірнеше рет облыстық және қалалық мәдениет бөлімінің мақтау қағаздарымен алғысына ие болған. 1999 жылдан зейнеткерлікке шыққан.

 

Другова Людмила Денисовна – 1950 жылы 19 ақпанда Талдықорған облысы, Киров поселкесінде дүниеге келген. 1969 жылы Алматы облысы, Қаскелең ауданындағы  мәдени-ағарту училищесінің «Кітапхана ісі» бөлімін  бітірген, 1970-1982 жж. аралығында №1қалалық орталық кітапханада кітапханашы, әдіскер, меңгеруші, 1985 жылдан директор орынбасары қызметін атқарған. 2010 жылдың 4 маусымынан зейнеткерлік демалыста. Өзінің біліктілігімен, шебер ұйымдастырушылық қабілетімен, оқырмандарға қалтқысыз қызметімен көп көңілінде қалған  ардагер ұстаз. Бірнеше Облыстық,  қалалық мәдениет бөлімінің, №1қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің алғыс, мақтау қағаздарына ие болған. 

 

 

Проскура Лариса Анатольевна – 1946 жылы 16 қарашада Иркутск қаласында дүниеге келген. 1966 жылы Гурьев педагогикалық институтын  бітірген. 

Еңбек жолын 1965 жылы №3 қалалық кітапханада  кітапханашылықтан бастаған. 1980-2008 жылдар аралығында  №8 қалалық кітапханада меңгеруші, 2008 жылдың наурыз айынан осы кітапханада кітапханашы қызметін атқарып, 2012 жылдан зейнеткерлік демалыста. Бірнеше Облыстық, қалалық мәдениет бөлімінің, №1 қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің алғыс, мақтау қағаздарының иегері. 

 

Пак Гүлмира Жарқынбаева – жоғары білімді, Гурьев педагогикалық институтын бітірген. Балаларды кітапханаға тартуда тәрбиелік мәні зор шығармаларды насихаттауда, ертеңгіліктер, сайыстар, саяхаттар т.б. шаралар ұйымдастырып, кішкентай оқырмандардың оқуына басшылық жасап, қала мектептерімен, балабақшаларменен бірлесіп жұмыс жасап, өлкеміздің тарихын, мәдениетін насихаттауда жергілікті өлкетанушылармен кездесу кештер, дөңгелек үстел, жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімдерін ұйымдастырып өткізуді дәстүрге айналдырған ардагер. 2017 жылдың шілде айынан бастап зейнеткерлік демалыста.

 

Ардагер  кітапханашылар

 

 

 

Проскура Лариса Анатольевна

 

 

 Мадиева Ағиба       

 

 Демешова Маруся  Елемесовна

 

 

 Демешова А.

 

 

 Другова Людмила Денисовна  

 

 Биғамбаева Сәнім Шаукеровна

 

 Пак Гүлмира  Жаркынбаевна                                         

 

 Жидкова Валентина Ивановна  

        

 

 Бағитов Жолдас

 

 

 Шагиева Менжамал

 

 

 Шамшиева Х.   

              

 

 Кулагина А.П.