Бүгінгі таңда «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Атырау қаласы тұрғындарына 27 кітапхана, оның ішінде 16 қалалық, 11 ауылдық, 6 балалар  кітапханасы қызмет көрсетеді.

 

Әкімшілік

«Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі директоры Бүркітова Құралай Әбілқасымқызы - 1979 жылы Шымкент қаласындағы Әл-Фараби атындағы мәдениет институының «Кітапхана ісі» бөлімін бітірген.  Еңбек жолын 1983 жылы Семей қаласындағы Технология институтының  кітапханасында  аға  кітапханашылықтан  бастады.

 

1989 жылы қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің  №3 кітапхана бөлімшесіне меңгеруші, 1993 жылы қалалық орталық кітапханада оқырман қамту бөлімінің меңгерушісі, 2010 жылдан  директор орынбасары, 2016 жылдан  мекеме  директоры.

 

Құралай Әбілқасымқызы басшылыққа келгеннен бастап, кітапхана өмірі үлкен жақсылықтарға бет бұра бастады. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасы нығайды: кітапханаларға жаңа жиһаздар алынды, бейне бақылау, дабылқаққыш орнатылып, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Жұмыс процестері «КАБИС» бағдарламасы бойынша жүргізіліп, алға қарай «ВЕБ РАБИС» бағдарламасына көшу ұйымдастырылуда.  

 

2017 жылы Ұлттық кітапхананың «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен, қалалық «Жыл адамы 2017» байқауында Мәдениет саласы бойынша «Жыл үздігі – 2017» номинациясымен марапатталды.

 

Кулмухамбетова Харлығаш Сиражқызы – мекеме директорының орынбасары. 1983 жылы Атырау мәдени-ағарту училищесін, 2007 жылы Орта Азиялық Университетін кітапханашы-библиограф мамандығы бойынша сырттай бітірген.  Атырау қалалық ОКЖ-де кітапханашы қызметін 1985 жылы бастаған. 1987 жылдан №5 кітапхана меңгерушісі, 2001 жылдан №4 жылжымалы кітапхана меңгерушісі, 2012 жылдың қараша айынан кітап қорын толықтыру және өңдеу бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2016 жылдан директор орынбасары.

 

Қазіргі таңда кітапханалық жұмыс бойынша оқырмандарға қызмет көрсетудің ұйымдастырылуы мен жағдайына, кітапхана қорының сақталуына оның дұрыс ұйымдастырылуын, қолдануын қадағалайды. Және де кітапхананың дәстүрлі және электронды каталогтың жүргізілуіне, «КАБИС» бағдарламасының жұмысына басшылық жасай отыра, қызметкерлердің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау ережелерін, жалпы кітапхананың ішкі жұмыстарын қадағалайды.

 

Ашенова Райса Ануарбекқызы – бас есепші.

Байланыс телефоны: 8 71 22 21 04 91.

e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.