БЕЙІМБЕТ МАЙЛИН ШҰҒАНЫҢ БЕЛГІСІ

«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 4-шығарылым. Жазушы Бейімбет Майлин «Шұғаның белгісі» повесі «Шұғаның белгісі» - қазақ прозасының шоқтығы биік туындыларының бірі.

Повесте ең өткір мәселе – әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін бірі сүйген екі жастың – Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық халі айтылады.

Осындай жастардың теңдік, еркіндікті аңсап, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарманы филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Аяпова Гүлзира Борамбайқызы, №2 қалалық кітапхана оқырмандары Әділбек Ерғалиев, Оразова Мархабат оқуға ұсынады.

#2021жылҚазақстандағыбалаларменжасөспірімдердіңкітапоқуынқолдаужылы



«Кітап үйі. Книжный дом. Book house» жобасы. 3-шығарылым. Балалар жазушысы Сұлтан Қалиұлының «Ғажайып тас» ертегісі

Балалар әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, үлкен ізденіспен қабырғасын қалаған жазушы Сұлтан Қалиевтің еңбегі зор. Бала психологиясын терең меңгерген қаламгердің шығармалары ешкімді қайталамайтындай ерекше. Балаға деген маххабаты оның ертегілерінен, шығармаларынан көрініс тапқан. Қаламгер балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, жеткіншектердің рухани тәрбиесі жолында аянбай тер төкті, мол мұра тастап кетті.



2-шығарылым. Жазушы Сәуле Досжан «Қасірет пен тағдыр»
СӘУЛЕ ДОСЖАН "ҚАСІРЕТ ПЕН ТАҒДЫР" РОМАНЫ
Жазушының «Қасірет пен тағдыр» кітабын шығарудағы басты мақсаты Семей ядролық полигонының қасіретін жеткізу, қазақ халқының зұлмат заманды бастан кешкен мықты, қайсар ел екенін көрсету. Социалистік режим саясатынан зардап шеккен Семей өңіріндегі полигон жарылыстарының құрбандарына арналған романның басты тақырыбы қандай? Кейіпкерлері кімдер? Басты кейіпкердің қилы тағдыры арқылы жазушы нені суреттейді? Осы және өзге де қасіретке толы тағдырлардың бейнесін аталған романнан табасыз. Ұсыныс бізден, таңдау сізден. Бірге оқиық!