Құрметті сайт қонақтары, оқырмандар!

«Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» ММ-нің сайтына қош келдіңіздер!

 

 Өзіміз топырағын басып жүрген қасиетті жеріміз – көне шежірелі, ежелгі тарихы бар ақ  ырысты Атырау елі. Бұл – өте ертеден-ақ адамдарға құт мекен болған қоныс, сан-алуан қызғылықты оқиғаны, қилы заманды бастан кешірген дабысты-даңқты атажұрт. Тағдыр сыйлаған осындай тарихтан тамаша тағылым алып, санасына толайым сырды зерделей білген абзал адамдардың асыл атамекені. Өрнекті өлең түстеніп, әуезді ән мен құдіретті күмбез күй қонған жер. Атағы әлемге кеткен Алшын елінің, бар қазақтың бабасы Бұқар жырау айтқандай «найзасының ұшы алтын болған Кіші жүздің» бауыр басқан топырағы.

          Ұланғайыр қазақ даласында Атырау өңірінің өз орны, өз тарихы, өз өрнегі бар. Осындай қазыналы өлкенің рухани өмірінде де атқарылып жатырған игілікті істердің нәтижесінде қоғамның басқа салалары сияқты мәдениеттің бар саласын, оның ішінде кітапхана ісін жан-жақты дамытуға біраз мүмкіндіктер  жасалынып келеді.

                  «Атырау қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» мемлекеттік мекемесі кітапхана ісін дамытуда облыс көлеміндегі кітапханалармен байланыс жасай отыра, пайдаланушыларға кітапханадағы инновациялық қызметті жаңарту, жаңа технологияларды дамытуда, оқырмандардың дүниетанымдық көзқарасының дамуына, оқырмандардың рухани байлық кітапқа деген сұранысын арттыруда насихат жұмыстары төмендегідей бағытта жүргізіліп келеді:

 

– Оқырмандарды Отан сүюге, адамгершілікке, имандылыққа, өркениетті мәдениетке тәрбиелеу, отандастарымыздың бойына елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімдерін ұялату, жаңа қазақстандық патриотизмге ұмтылдыру, көп ұлтты республикамыздағы ұлтаралық татулықтың орнығуына ықпал ету, кітапханада қалыптасқан дәстүрлі қызмет пен инновациялық жарнама-маркетингтік жұмыс түрлерін ұйымдастыру;

 

– Оқырмандарға қызмет көрсетудегі кітапхананың басты мақсаты - жаңашыл үрдістерді жұмыс барысында енгізу, заман талабының өзгеруіне байланысты ақпараттық бұқарасынан әркім өзіне керекті өзекті мәселесін таңдап-талғап ала білуге, кітапхананың ақпараттық мүмкіндіктерін мақсатты түрде пайдаланып, өзіне қажетті мазмұн мен мәліметті талғай білуге дағдыландыру, электронды және кітапханалық ақпараттық ресурстарға оқырмандардың еркін қол жеткізуіне мүмкіндіктер жасау;

Кітапханадағы бүгінгі күн талабына сай атқарылып отырған тәлімдік жұмыстар жайы, көпшіліктің назарын аударатын игілікті істер келешек ұрпаққа үлгі болмақ. Кітапхананың киелі табалдырығын аттап, білім бұлағынан сусындайтын оқырман еліміздің болашақ ел тұтқасын ұстар білімді де білікті азаматтары болмақ.

 

Біздің кітапханамызбен танысып, қызықты мәліметтер мен соңғы жаңалықтардың куәсі болғыңыз келсе, кітапхана сайтына қош келдіңіз! Бізбен бірге болыңыздар, құрметті оқырмандар!